9 желтоқсанда Францияның мемлекеттік кеңесі оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовты экстрадициялау үкімінің күшін жойды.
Ал Мұхтар Әблязовтың туыстары мен таныстары бұрыңғы қазақстандық олигархтың тұтқыннан босатылғанын айтты деп хабарлайды tengrinews.kz.
«Facebook» әлеуметтік желісінде Әблязовтың әпкесі Қарлығаш Әблязова мен Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Әблязов оның толық босап шыққанын жазған. Әпкесі өз парақшасында Мұхтар Әблязовтың отбасымен, туыстарымен дастархан басында отырған суретін жариялап, қолдау білдірген барша адамға алғыс айтқан.
2015 жылдың қыркүйек айында Францияның премьер-министрі Мануэл Вальсом бұрыңғы қазақстандық банкирді Ресейге беру туралы үкімге қол қойған. Алайда, Әблязовтың қорғаушылары аппеляциялық шағым түсіріп, Францияның мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялау туралы үкімнің күшін жою туралы шешім қабылдаған.
Мемлекеттік мәжілістің баяндамасында «М.Әблязовтың экстрадициялануын сұратуының астарында саяси мақсат жатыр деп ойлауға толық негіз бар. Оның жағдайы күрт нашарлауы мүмкін» деп айтылған болатын.
AFP агенттігі мәлімдегендей, Мемлекеттік кеңес бұған дейін экстрадициялау туралы шешімді тек бір ғана мәрте жойған. Ол испандық оппозиционер еді. Оны Франко елінің үкіметі сұратқан болатын.
БТА Банктің бұрыңғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдың шілде айында Францияда ұсталған. Содан бері Флури-Мерожи түрмесінде жатқан. Оған бірнеше айып тағылды. Оның ішінде алаяқтық, жалған құжат жасау, өз қыметін асыра пайдалану. Оның шығын соммасы бірнеше миллиард долларға бағаланған.
Әблязов – Қазақстан, Ресей және Украинада қылмыстық тексерудегі адам. Алайда, оның экстрадициялануына тек Ресей мен Украина ғана талпынып жүр. Себебі, Астана Парижбен экстрадициялау жөнінде келісімге отырмаған.
Әблязовқа қарсы қылмыстық іс 2009 жылы қозғалды. Осыдан кейін Қазақстаннан Ұлыбританияға қашып кеткен. Аталмыш елден де кетуге мәжбүр болған.