Мұнайды ұрлаумен айналысқан екі азамат тұтқындалды деп хабарлайды tengrinews.kz
«2016 жылдың 9 желтоқсанында Ақтөбенің №2 сотына Бауыржан Батыров пен Нұрлан Казкеновты қамауға алу туралы өтініш түсті. Олар Ақтөбе қаласында мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз айналымға салумен айналысқан қылмыстық топты құрықтау мақсатында өткізілген арнайы операция кезінде ұсталды. Батыров пен Қазкенов ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабы 4 бөлімі 1,2 пунктері бойынша, сонымен қатар «Мұнай мен мұнай өнімдерін алу, тасымалдау, іске асыру, сақтау және мұнайдың өндірілген жерін заңды түрде көрсететін құжатсыз өңдеу», «Қылмыстық топты құрып оны басқару, қылмысты істеумен пара-пар» деген айыптар тағылып отыр. 2016 жылдың 9 желтоқсанында шыққан соттың үкімімен өтініш қанағаттандырылды. Батыров пен Казкеновты 2 айға қамау туралы шешім қабылданды» деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз мәслихаты.
"Диапазон" мәліметінше, күдіктілер мұнайды оны тасу құралдарымен тасымалдаған. Олардың бірі жұмыссыз, екіншісі такси жүргізушісі. Күдіктілер, отбасы, балалары мен тұрғылықты жері болғандықтан қамауға алмауларын сұраған. Нұрлан Казкеновтың 5 баласы болса, Бауыржан Батыровтың 3 баласы бар. Соңғысының есту қабілеті төмен.
7 желтоқсанда ҰҚК мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы және ІІМ бірлесіп арнайы операция өткізген. Мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлау және оны заңсыз қайта өндірумен айналысатын қылмыстық топ құрықталған. Кейінірек Алматы қаласында да қылмыстық топтың сыбайластарын іздеу үшін арнайы операция жасалғаны хабарланды. «Төрт ағайынды» тобының көшбасшысы Еркін Ізбасаров пен оның оққағары және 4 жүргізушісі тұтқындалды. Іс материалына сәйкес, ол «қара алтынды» ұрлаудың күрделі кестесін жасап шығарған. Сол арқылы қалтасын қалыңдатты. Бұған радикалды салафизмді ұстанушылар көмектескен.
8 желтоқсанда Еркін Ізбасаров Ақтөбе қаласына тергеуге жеткізілген. Мүгедектер арбасына танылған 50 жасар ер адам, көмекшілерімен арнайы рейспен Ақтөбеге ұшып келген. Барлығын бірден тергеуге алып кетті.