Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның кортежі Ыстамбұлда мемлекет басшысының резиданциясынан Мармара университетіне бара жатқан кезде ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды tengrinews.kz
9 желтоқсанда күндіз болған апаттың салдарынан төрт полицей түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Бірнеше көлік бүлінген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Ал Түркия президентінің жағдайы жайлы ештеңе айтылмай отыр.


