Павлодарда ірі көлік апаты орын алды

/uploads/thumbnail/20170709184938539_small.jpeg

Павлодар облысында 8 автокөлік соқтығысып қалды деп хабарлайды news.mail.ru.

Павлодар-Омск тас жолында, Қызылтаң ауылына жақын маңда  ірі жол көлік апаты болды. Ақпаратқа сәйкес, жол апаты - қолайсыз ауа-райы мен жанармай тасымалдайтын көліктің жолда тұрып қалуынан болған. Оған үш жүк көлігі, екі ГАЗель және үш жеңіл көлік соқтығысқан.   

Жол көлік апатында 28 бен 33 жастағы екі ер адам Павлодардың ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында, екі ер азаматтың бірі жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер халі мүшкіл екенін айтады. Екіншісі травматология бөліміне жеткізілді.  

Аймақтық төтенша жағдайлар департаментінің берген ақпаратына сәйкес, оқиға орнында 16 көліктен тұратын кептеліс болған. Куәгерлердің айтуынша, кептеліске екі қоғамдық көлік тұрып қалған. Қазіргі таңда апат орны тазартылды.

Павлодар тұрғындарына  дауылды ауа-райы туралы ескертілді. «Қазгидрометтің»  хабарлауынша, 11 мен 13 желтоқсан аралығында жауын-шашын, жел, көктайғақ болады деп күтілуде. 

Қатысты Мақалалар