Халықтың Головкинге деген қызығушылығы жоғалып барады

/uploads/thumbnail/20170709184949992_small.jpg

Boxing News & Results порталының ойынша WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Генадий Головкинге  халықтың қызығушылығы жоғалып барады деп хабарлайды vesti.kz. Басты себеп тұрақты орта салмағында. Генадий Головкиннің салмағы 36-33 кг. 

Осыған байланысты аталмыш портал Головкинге қарсылас ретінде бірнеше боксшының тізімін жасады.

Boxing News & Results былай деп жазады: «Головкинге, жеңіске деген мүмкіндігі бар қарсылас керек. Бәлкім қазақстандық өз мансабына қауіп төндіргісі келмейтін шығар. Бірақ, өзінің жұлдызды жағдайын нығайтқысы келсе, сол қадамға бару керек. Головкинге орташа салмағынан өсу қажет. Онда Дэниэл Джейкобстан басқа лайықты қарсылас қалмады.

Boxing News & Results дайындаған тізім мынадай:  Эрисланди Лара, Деметриус Андраде, Джулиан Уильямс, Джермелл Чарло, Джермалл Чарло, Остин Траут, Баду Джек, Джеймс ДиГейл, Хильберто Рамирес, Джордж Груовс.

Қазақстандық Генадий Головкин 2017 жылы наурыз айында Нью-Йоркте шайқасын өткізеді. Қарсыласы Джейкобс болуы мүмкін. Ол орта салмақтылар арасында бірнеше мәрте WBA чемпионы болған.

 

Қатысты Мақалалар