АҚШ әскері Сирияға аттанып барады

/uploads/thumbnail/20170709184951647_small.jpg

200 астам американдық әскер Сирияға аттанып барады. Олар сириялық қарулы оппозицияға «Ислам мемлекеті» (ИМ, лаңкестік ұйым) басып алған Ракка қаласын азат етуге  көмектеспек. Пентагон басшысы Эштон Картердің айтуынша, олардың арасында спецназ қызметкерлері бар. Олар жергілікті күшке Ракка қаласын қайтару операциясына қатысады.

Бұған дейін американдық көшбасшы Барак Обама Сирияға қару жіберу туралы тыйымды алып тастады. 

Сирияға баратын жасақ саны өткен аптада мақұлданған. Қазір Сирияда 300 американдық әскери қызметкерлер бар.

 

 

Қатысты Мақалалар