Сауалнамаға қатысқан ресейліктердің жартысы, Кеңес Үкіметінде болған елдердің ішінде Қазақстанды жетістіктері мол ел деп санайды. Соңғы жылдары бұлай ойлайтындардың қатары үш есеге көбейіп келеді деп хабарлайды eadaily.com. Бұл туралы бүкіл ресейлік қоғам пікірін зерттейтін орталық директоры Валерий Федоров 9 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда «Қазақстан ресейліктердің көзімен: жетістіктері, мәселелері, мүмкіндіктері» баяндамасында айтты. Аталмыш конференция М.Ломоносов атындағы ММУ Азия мен Африка елдері Институтында Ресейдегі Қазақстанның елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.
Баяндамада ресейліктердің соңғы бес жылдағы Қазақстанға деген қарым-қатынасы туралы айтылды. Респонденттердің 53% Қазақстанды Ресейдің сенімді серіктесі деп санайды.
Ресей азаматтарының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа деген сенімі де артып келеді. Рейтингтің пайыздық көрсеткіші – 32 ден 45%. Интеграциялық процесстің бағамы бойынша ресейліктердің 57% Белоруссиямен әріптестік қарым-қатынас орнатуды дұрыс деп санаса, Қазақстанды - 47% ресейлік қолдады.
«Ресейліктер кімді бауырлас ел деп санайды?» деген сауалдың жауабы таң қалдырды. Рейтингтегі үштікте славяндық емес ұлттардың қатарында тек қазақтар болған.
«Қазақстан мен Ресей тек мемлекетаралық ресми қарым-қатынаста емес, халық, ұлт, адамдар арасындағы берік платформада негізделеді» деп айтты Валерий Федоров.