Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеп жіберген Майра Рысманова қайтыс болды деп хабарлайды kazinfo.today.
Денесінің 60% күйік шалған М.Рысманова бүгін таң ертең қайтыс болды. Бұған дейін дәрігерлер оның есін жинағанын айтқан.
6 желтоқсанда Бас прокуратураның бақылау пунктінде 48 жасар Майра Рысманова үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Осылайша ол прокурор мен қоғамның назарын өзіне аудармақ болған. Оның ойынша баласына шығарылған сот үкімі әділетсіз.
Бас прокуратурада сотталған жігітті ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы болғанын айтты. Бас прокурор Жақып Асанов: «Бұл кездейсоқтық емес. Майра Рысманованың жан айқайын ешкім естімеді. Бұл мәселені өз бақылауына аламын» деп парламент мәжілісінің отырысында айтты.
Кеше ғана Астана прокурорлары Майра Рысмановаға қан өткізген еді.