Нью-Форест қаласында тұратын Саймон Дейкин ақылды үйдің жаңа түрін ойлап тапты. Енді Сайманның үйіне біреу кірген болса, сол сәтте үй қожайынына хабар береді.
«Бізде сенсорлы күзет жүйесі бар. Ол адамның бет әлпетінен оның кім екенін анықтай алады» дейді Саймон. Аталмыш технология бойынша үйге бұрын келген адам болса, үй оны бірден танып, Сайманға хабар береді. Танымайтын болса да ол туралы қожайыны біліп отырады.
Сонымен қатар Нью-Форест тұрғыны, дәретханада суды екі рет ағызған жағдайда ауа циркуляциясы жақсы жүргізетін жүйе ойлап тапқан. Үй отбасы мүшелерінің барлық қалауларын ескеріп отырады. Мәселен, Сайманның енесі келгенде үй бұрыңғысынан қатты ысиды. Себебі оның жиі тоңатынын біледі. Мұның барлығы үй иесінің араласуымен болады. Алайда келешекте технология өздігінен жұмыс істейтін дәрежеге жетеді деп сенеді. Сайман Дейкиннің ендігі мақсаты да сол.
Бұдан бөлек Сайман қазіргі ақылды үйлерде қолданатын су, жарық, жылу жүйесін үнемдейтін құрылғыларды "Raspberry Pi" компьютері арқылы жасап шығарған. Оның барлығын жасау үшін көп қаржы жұмсаған. Алайда коммуналдық қызметке кететін шығынның қысқаруына байланысты, шығын өзін ақтады дейді.
Сайман Дейкин бұған дейін де түрлі тәжірбиелер жасаған. Мәселен, ваннаға арналған ойыншықтар музыканың даусын реттеп, әуен қатарын өзгертіп отыратын магнитті тетік ретінде қолданылатындай етіп жасап шығарған.
Дерек көз: bbc.com
Пікір қалдыру