Бүгін таң ертең Әзірбайжан мен Армения арасында қақтығыс болды. Мұндай ақпаратты республиканың қорғаныс министрінің баспасаөз хатшысы Арцун Ованнисян өзінің «Facebook» парақшасында жазды.
Оның сөзінше әзірбайжандық әскер Чинари ауылына жақын маңда орналасқан Арменияның шекарасына жақын жерде диверсия жасауға талпынған. Шабуылға тойтарыс берілді. Алайда әлі де атыс жүріп жатыр. Ованнисян орын алған жағдай армияның толық бақылауында екенін айтты.
«Соғыстың қайта басталуы үлкен қауіпке алып келеді»
Арменияның қоғаныс министрі Мәскеумен және НАТО мен серіктестігі туралы айтып берді. Баку отты тоқтату режимін 39 жағдайда бұзды деп Ереванды айыптады. Әзірбайжанның қорғаныс министрі, атыс Армения шекарасында және «оккупацияланған» жерлерде болғанын хабарлады.
Армения мен Әзірбайжан арасындағы текетірес Таулы Карабақта жалғасып жатыр. 2016 жылдың сәуір айының басында екі жақты келісім бұзылған еді. Ұрыс оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыста болды. Шайқасты тоқтату келісімі бірнеше күннен кейін қайта күшіне енген. Одан кейін екі жақ келісімді бұзды деп бір-бірін айыптай бастады.
Таулы Қарабақта этникалық армияндар тұрады. Олар 1991 жылы Әзірбайжаннан бөлініп, өзін тәуелсіз ел деп атаған. Баку күш құрылымдары арқылы аталмыш аймақты қайтаруға талпынды. Алайда операциясы сәтсіз аяқталған еді. 1994 жылы Әзірбайжан, Армения және ешкім тәуелсіз ел деп танымаған ХҚР келісімге келу туралы протоколға қол қойды.
Пікір қалдыру