2016 жылдың басты дәйексөздері

/uploads/thumbnail/20170709191811233_small.jpeg

2016 жыл қазақстандықтар үшін қоғам мен ғаламторда қызу талқыға түскен шуға толы пікірлерімен есте қалды.

 

 

«Болашақ» бағдарламасының ІІІ халықаралық конференциясында ҚР Парламент Сенатының VI шақырылым депутаты Бірғаным Әйтімова ауыспалы мағынадағы сөздерін бірінші кезекте шетелдіктерге бағыттағанын айтқан болатын.

 

Сенатордың бұл сөздері ғаламторды шарлап, тіпті украиналық «Чисто News» бағдарламасында Бірғаным Әйтімованың сөздерін әжуалаған журналистер, оны Виталий Кличконың ұстазы деп атады.

 

 

 

Естеріңізге сала кететін болсақ, жастар алдында сөз алған Әйтімова, «Біз әлі ондай ел емеспіз» және «Біз барлығымыз мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарға жете алмаймыз. Мысалы, мен бүгін-ертең өз орнымды ешкімге бере қоймаймын. Сондықтан мен секілділер елде өте көп» деген сөздерімен қазақстандықтардың есінде қалды.

 

 

Кездейсоқ пікір білдірген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын талқылай келе, өзі байқамаса керек, бүтін бір көрші елдің намысына тиді. Министр журналистерге Мәскеу дәретханаларын жуып жүрген қырғыздың бойжеткендері туралы айтқан болатын. «Жасыратыны жоқ, Мәскеуге немесе өзге қалаларға ұшып келсең қоғамдық дәретханаларды жап-жас қырғыздың қыздары жуып жүреді. Бұл әрине, көңілге ауыр тиетіні сөзсіз. Нағыз жастық шағында неліктен олар дәретхана жуып жүр деп ойлайсың? Елінде жұмыс немесе болашақ болмаса әрине, қырғыздар өзге қалаларға барып күнелтуге мәжбүр. Осыны ертеректе біліп ескерткен Шыңғыс Айтматов — ұлы жазушы», - деген болатын Арыстанбек Мұхамедиұлы. Қырғызстан СІМ Бішкектегі Қазақстан елшілігіне наразылығын білдірді. Кейіннен шулы пікірге ҚР Президенті Алмазбек Атамбаев: «Ұры министр болғанша, еден жуып, күзетші болған жақсы ғой»,-деп жауап берді.

 

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божконың пікірі Украина дипломаттарының арасында қызу талқыға түсті. Қарағандыдағы этномәдени бірлестіктердің орталығында ол, Украина қоғам қайраткері Ирина Фарионның қызметі туралы бейәдеп сөздер айтып, саясаткерді «Салдақы» деген болатын. Өз кезегінде Божконың әлгі әдепсіздігі жөнінде Украинаның Қазақстандағы елшілігі оның атын атамай тек, «КГБ-ның бұрыңғы түлегі» деп атады. Кейініректе, Божко өзінің әдепсіз бұл пікірін қызбалыққа салынып айтып қалдым деді.

 

 

ҚХР ҚР елшісі Чжан Ханьхой қытай дипломаттары мен оның туыстарының визалық режим саясатына қатысты пікірін білдіре келіп, қазақстандық билік жүйесін сынға алды. Қазақстандық қоғам шатасып кетпесін деп, отандық дипломаттар елшінің пікіріне түсінік берді.

 

 

 

Қазақстандық дипломаттардың хабарлауынша, екі ел арасындағы достық қатынасты ескере отырып, сондай-ақ, ҚХР ҚР елшілігінің өтінішін басты назарда ұстай отырып, Қытайдың дипломаттарына қатысты қызметтік визалар дәрежесі "G1"-ден "В2"-ге өзгертілді. Осымен әңгімеге нүкте қойылды.

 

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова, өзінің жаңадан сайланған депутат әріптестерінің сайлаудан кейін, Астанадағы саланаты жарасқан, қымбат қонақ үйге жайғасқандарын қолдап, қоғам арасында даулы пікір туғызған сөздер айтты. Кейініректе мәжілісмен өзінің бұл пікіріне түсінік беріп, айтылған сөздеріне еш өкінбетінін айтып, болашақта эмоциясын сәл тия түсетінін айтқан болатын.

 

 

Қоғамда тағы да дау туғызған пікірдің авторы ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Қуаныш Сұлтанов, елорданың және елдегі маңызды нысандардың атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды ұсынған болатын. Бұл идеяны ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған Декларацияда көтерген еді. Кейбір халық қалаулылары елорданың жаңа атауының нұсқаларын ұсынды. 

 

Портал тілшілерінің оқырмандар арасында жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, 2016 жылдың басты дәйексөзі «Отанның мүддесі» туралы болды. Ол «Еуразия» бірінші арнасының эфиріндегі «Басты жаңалықтардан» көрсетілді.

Дерек көз: today.kz

Суреттер today.kz сайтынан алынды

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар