Қазіргі уақытта үйінділер астынан қаза болған 9 адам табылды деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. Оның ішінде үш ер адам, үш əйел адам, үш бала, олардың екеуі 2016 жылы жəне 2010 жылы туған. Сондай-ақ тірі қалған 32 жастағы ер адам табылды.
Қарағанды облысының Шахан кентіндегі үйдің құлауына байланысты Шахан кентіндегі әкімдікте құрылған жедел штабта «Шұғыл желі» телефоны ашылды 8/72156/3-24-17.