Түнгі клубта терактіні кімнің ұйымдастырғаны белгілі болды

    Assem Almuhanbet
    Түнгі клубта терактіні кімнің ұйымдастырғаны белгілі болды

     ДАИШ террористік тобы Ыстамбұлдың түнгі клубында болған терактіні мойнына алды деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

    «Reina» түнгі клубына шабуыл түнде жасалды. Онда 700 адам болған.

    Түркияның ІІМ мәліметінше атыс салдарынан 39 адам мерт болды. Оның 16 шет елдік азаматтар. 69 адам жараланды.

    Бұған дейін терактіні Өзбекстан немесе Қырғызстан азаматы жасауы мүмкін екені және олардың ДАИШ террористік тобына қатысы болуы мүмкін екені айтылған. 

     

    Қатысты Мақалалар