1 қаңтарда Түркияның түнгі клубында теракті болды. Джихадтық ДАИШ тобы Ыстамбұлдағы шабуылды өз мойнына алды. Терактінің салдарынан әртүрлі мемлекеттен 39 адам қаза тапты. Лаңкес түнгі клубтағыларға оқ жаудырғанда онда ливандық Франсуа аль-Асмар да болды деп хабарлайды bbc.com.
«Біз оқ атылғанын естідік. Барлығымыз ішіп алған адам деп ойладық. Бірақ бірнеше секундтан кейін тағы да атылған дауыс естідік. Барлығы жерге жата бастады. Лаңкес ауаға емес, жерге жатқандарды атты. Мен үстелдің астына тығылдым.Барлығы қасқағым сәтте болды. Бірақ иығым көрініп тұрған болу керек. Маған да оқ тиді. Содан кейін еденге жатып қалдым. Тағы да атпауы үшін, өлген адам секілді жаттым» дейді Франсуа аль-Асмар.