Ресейліктер үшін бокал көтерген украиндық әйел «Халық жауына»айналды

/uploads/thumbnail/20170709192510612_small.jpg

Украиндық тележүргізуші Алла Ковальчуктің жаңа жылда «Ресейліктер үшін алып қояйық» сөзі украиндық әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды деп хабарлайды kp.ru.

Украиндық «СТБ» арнасында көрсетілетін «Барлығы дәмді» аспаздық шоуының жүргізушісі жаңа жылда смартфонының камерасына мерекелік дастарханға дайындаған салаттарын қалай әзірлегенін айтып, түсіріп жүрген. Сол кезде теледидардан Путиннің дәстүрлі құттықтау сөзін көрсете бастады.

«Ресейде қазір жаңа жыл. Біз ескі әдет бойынша жаңа жылды ресейліктермен бірге қарсы аламыз. Жылдағы дәстүрді өзгертпейік. Ресейліктер үшін алып қояйық!» деген Алла Ковальчук.

Одан кейін тележүргізуші күлкісін әрең тиып украиндық әнұранның бір шұмағын айтады. Ал үстел басында отырған қонақтар барлығымыз Кеңес Үкіметінің адамдарымыз ғой, бір халықпыз деп айтқан.

Бұл сөздер украиндықтардың ашуын келтірді. Алла Ковальчукке қарата түрлі наразылық сөздері айтылды. Оның жұмыстан шығарылуын талап етті. Алла Ковальчук наразы топқа арнап бейне жазба арқылы жаңа жылда айтқан сөздерінің астарын түсіндірді.

 

,

Қатысты Мақалалар