Долларға жасырынған ақырзаман немесе «көк қағаздағы» жұмбақ символ нені білдіреді?

/uploads/thumbnail/20170709194424987_small.jpg

Имам Бұхари жеткізген қасиетті хадисте: «Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбардың бәрі өз қауымына Тажал (Библия бойынша Антихрист) жайында ескерткен» делінсе, діни әңгімелерде Тажалдың кейпі суреттеліп, оның жалғыз көзі бар екені айтылады. Ал енді америкалық валютаның ең ұсақ купюрі – 1 долларлық банкнотты қолыңызға алсаңыз, оның артқы бетінде жалғыз көз бейнеленгенін көресіз.


 

Шынында да, Ақш-тағы ең өтімді купюр – 1 доллар­дың бетіндегі адамға жағымсыз әсер беретін он үш қа­тар­дан тұратын бітпей қалған пирамида мен қақ төбедегі үшбұрыштың ортасына ор­на­ласқан көз нені білдіреді? 
 

Пирамида мен үшбұрыш ма­сондардың символы сана­ла­ды. Көздің үстіндегі Annuit Coeptis деген латынша жазу он үш әріптен тұрады (осы 13 санымен алда бірнеше рет кездесеміз). Қазақшаға ау­дарсақ, «жоспарымыз жеңіс­пен орындалды» деген ма­ғына береді. Ал ең астындағы Novus Ordo Seclorum деген  сөз «жаңа әлемдік тәртіп» мағынасын береді . Яғни «аме­рикалық дәуірдың» басталғанының символы . Ең таң­ғалдыратыны – банкноттың енінің тұп-тура 66,6 миллиметр екендігі . Библия бойын­ша 666 саны – Тажалдың таңбасы.


Көздің құртына айналған «көк қағаздан» ақырза­манның таңбасын танығандар­дың таратуынша, долларда­ғы көз – Тажалдың көзі. Пирамида – мәңгілік құлдық­тың символы, яғни тобырға айналған адамзат, көз – бәрін бақылап-басқарып отыр­ған масондық элита. Яғни «Мен – Құдаймын, мен бәрін де кө­ріп отырмын, әлемнің қожасымын, бәрі де маған бағынуы тиіс» деген белгі. Пирамида құрылысының бітпегені – іргетасы мықты АҚШ-тың өмірі бітпейтін басқыншылық әрекеті. 
 

Ал енді АҚШ мемлекеті­нің өзі біз сөз етіп отырған таңба-суреттің сырын былайша түсіндіреді: Пирамида­ – мемлекеттік құрылымның беріктігінің символы, биікке ұмтылушылық, 13 қатардан тұратын кірпіш АҚШ-тың негізін құраушы алғашқы он үш штатты бейне­лейді. Ал пирамиданың бітпей қалуы АҚШ мемлеке­тінің әлі де биіктеп, дамитынын көр­сетеді. Ал үшбұрыштың ішіндегі көз материялдық дү­ниеден жоғары тұрған ру­хани дүниені, яғни бәрін кө­ріп тұрған құдайлық күшті білдіреді. 
 

Жалғыз көзді жалмауыз­дай көрініп отырған пирамида бір долларлық банкнотта уақыт өте келе кеш пайда болған . Дәлдеп айтсақ, 1935 жылы, яғни әлем картасында Америка Құрама Штаттары пайда болғанына бір жарым ғасырдан астам уақыт өткен­нен кейін. Көзі бар пирамида­ны банкнотқа орналастырған – президент Рузвельт . Бірақ суретті ойлап тапқан ол емес, ол –АҚШ-тың Үлкен мемлекеттік мөрінің қарсы бетінде бұрыннан бар таңба. 
 

Бір қызығы, Украинаның жаңа ұлттық валютасы – 500 гривендік банкнотта да үшбұрыштың ортасындағы көз, оның жанында Киев Могилян академиясының ғимараты бейнеленген. Ой жүгіртушілер осыған қарап «Киев Могилян академия­сының ғимараты масондық оқу орны ма, жоқ Украина экономикасы масондардың то­лық бақылауында тұр ма?» деп бас қатыруда. 


 

Екінші дүниежүзілік со­ғыстан соң АҚШ-тың нөмірі бірінші супердержаваға айналғаны белгілі . Қираған Еуро­паға доллар тасқыны лап қойып, көк қағаз демде Ба­тыс әлемінің басты валю­тасына айналды. Ал қазір доллар дүние жүзін уысында тастай ұстап отырған қар­жылық құрылым екені біз айтпасақ та белгілі. Ол АҚШ-тың ұлттық ақшасы емес, адамзат баласын қанаудың жаңа тәсіліне айналған әлем ақшасына әлдеқашан айна­лып үлгерген. АҚШ-тың өзін де көзге көрінбейтін әлемдік алпауыттар (масондар) дол­лардың құлына айналдырып, өздеріне тәуелді етіп қойған. Бүкіл әлем қазір қаржылық күйзеліс жөнінде даурығуда. Себебі жер бетіндегі барлық елдің экономикасы АҚШ валютасының курсына тә­уелді. Қара алтын тек доллар­мен сатып алынады. Ха­лықаралық сауда-саттықтың бәрі доллармен жасалынады. Ұлттық қорлар доллармен сақ­та­лынады. Қысқасы, бүкіл әлем доллардың қо­жайындарына қызмет етуде. Қаржы жөніндегі сарапшылардың болжамынша, АҚШ долларының басына шындап күн туса, оған Ресей мен Қытай немесе оқшау өмір сүріп отыр­ған Солтүстік Корея ғана төтеп беруі мүмкін.

Ал енді 13 санына ке­лейік. Бүкіл Еуропа, жалпы, христиан әлемі 13 санын сүймейтіні белгілі. АҚШ-тағы қонақ үйлерде де «он үшінші нөмір» болмайды, оның ор­нына «он екінші – а» деген нөмір бар . Яғни он үш санынан қорқатын қонақтардың жү­ре­гін жараламау үшін осылай етілген . Американың да христиан мемлекеті екені белгілі, тіпті болмаған күнде де өздерін солай санайды. Осыған қарамастан, Америка – бар­лық мемлекеттік симво­ликалары 13 санына негізделген әлемдегі бірден-бір мемле­кет. Мәселен, жыпырлаған жұлдызды алабажақ жа­лауын­да он үш жолақ бар. О баста жұлдыздардың да са­ны 13 болыпты (штаттар­дың санына байланысты), басқа жұлдыздар кейін қо­сылған . Бір долларлық банкнот­тағы бітпей қалған пира­мида 13 қатарлық кірпіштен қа­ланған . Оның үстіндегі Annuit Coeptis деген жазу он үш әріптен тұрады. Оң жа­ғында бейнеленген қыран құс оң тырнағымен 13 жебені, сол тыр­нағымен 13 жапырақты зәйтүн бұтақшасын бүріп ұс­тап тұр.
Қыранның кеуде­сін­де 13 жолақты қалқан бар. Ал тұмсығындағы лентадағы «Eplurіbus unum» деген жазу 13 әріптен тұрады . Ал ең тө­бесіндегі он үш ұсақ жұлдыз­ды ойша қоссаңыз, алты бұ­рышты Дәуіт жұлдызы шыға­ды. 


 

Бұдан нені аңғаруға бола­ды? 13 санына оң көзбен қа­райтын бірден-бір дін – иу­даизм. Иудаизм барынша жа­бық дін болғандықтан, діні­не берік жебірейлердің өзінен басқалардың оның терең сырын ұғуы өте қиынға соға­ды. Дегенмен 13 санының иу­дейлердің қасиетті кітабы Тәу­рат­тың он үш негізгі принципінен бастау алатынын бол­жау­ға болады. Ендеше, о бас­та-ақ Американың негізін қа­лаушы «таңдаулылардың» жебірейлерге қызмет еткен­дігін байқаймыз.


Жебірейлер Тәуратта айтылғандай, Жер жүзіне түгел ие­лік ететініне сенеді. Олар­дың түсінігінше, бұл үшін Ғибадат тауында үшінші храм тұрғызылуы тиіс. Иеруса­лимдегі (Құдыс) бұл қасиетті орында бір-бірінен қол созым жерде әлемнің ең басты үш діні – мұсылман әлеміндегі үшінші қасиетті орын – әл Ақса мешіті, христиан­дар­дың кие тұтар орны – Иса пайғамбардың денесі жер­ленген жер – Құдай қабірі храмы, иудейлердің қа­сиетті орны – Көз жасы қабырғасы (Сте­на Плача) орналасқан. Бұл қасиетті орындар – Из­раиль-Палестина шиеленісінің ең бір асқынған сырқаты. Сол себепті Иерусалимде жаңа­дан храм са­лу Үшінші дү­ниежүзілік соғысқа алып келуі әбден мүмкін. Дегенмен дәл осы орында үшінші храм қалай да жаңадан бой кө­теруі тиіс. Иудейлердің негізгі арманы – осы. 1968 жылы АҚШ палестиналықтардан храмды қалпына келтіру құ­қын 100 миллион доллар­ға са­тып алуға тырысқаны да сон­дықтан. 
 

Хадиске сүйеніп айтыла­тын әңгімелер бойын­­ша, көктен Исаның түсуі, жерден Мәдінің шығуы және Тажал­дың пайда болуы бір мезгілде болатын әрекеттер. Және Тажа­лдың өте құпиия түрде әре­кет ететіні айтылады. Сондықтан көптеген діни зерттеу­шілер мен сарапшы­лар Тажалды масондардың іс-әрекетімен байланыс­тырады. Библияда айтыла­тын жеті басты, он мүйізді алып қызыл айдаһарды «Үлкен жетілік» деушілер бар. Қа­зір «Үлкен жетілікке» әле­мнің экономикалық жа­ғынан дамыған елдері – АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ита­лия, Канада кіретіні белгілі. 
 

Ақырзаманның қашан бо­латыны бір Аллаға ғана аян. Дегенмен әлемдегі барлық діни қауым ақырзаман жа­қын­дағанда пайда болатын Тажалдың қай жерден шыға­тынын іздестіруде. Шейхтар­дың айтуынша, ұзын бойлы, қырық жастағы имам Мәді Мекке қаласынан шығады. Оның келбеті Пайғамбардың келбетін еске түсіреді. Осы ұлы оқиғаға орай Рамазан айында Күн мен Айдың тұ­тылуы байқалады. Мәді Сирияға барып орналасады. Бар­лық Ислам мемлекеттері оның төңірегіне бірігеді. Осы оқиғадан кейін таңғы намаз алдында Көктен Иса пайға­мбар түседі. Мәді оған жама­ға­тқа имам болуды өтінеді. Ол бас тартып, сапқа Мәдіден кейін тұрады. Осы уақта Та­жал пайда болады. Жа­ма­ншылық басталып, жама­ғаттың біразы қорқыныштан Та­жалды құдайдай көреді. Бірақ соңында Иса пайғамбар Тажалды өз найзасымен қазіргі Палестина жерінде өлтіреді делінеді. Осыдан кейін бейбітшілік орнап, әлемді мұсылмандар билейді. Қазір әлемде басталған жаһандану мен ғаламдық сипат алған терроризмге қарап «Тажалдың уақыты басталды, ол әлемге келді және ғаламдық процестердің бәрін сол басқаруда» дейтіндер­дің саны күннен-күнге кө­бейіп келеді.

Төреғали Тәшенов

Қатысты Мақалалар