"Росатом" салатын АЭС-ке атау беру жөнінде конкурс өтеді

/uploads/thumbnail/20250812143035979_big.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде салынатын алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру жөнінде конкурс өтетінін айтты, деп жазады Ақорда. Бұл туралы президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде сөз еткен. 

«Росатом» компаниясымен бірге салынатын алғашқы атом электр стансасы стратегиялық маңызға ие. Бірер күн бұрын оның құрылысы ресми түрде басталды. АЭС энергетика нысаны ғана емес, ғылыми-техникалық прогрестің жарқын символы болуға тиіс. Әзірге оның атауы жоқ. Бұл еліміздегі тұңғыш станса болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Осы сайысқа қатысып, шығармашылық қарымдарыңызды көрсетуге шақырамын. Бәлкім, шешім қабылдаған кезде Сіздердің де ұсыныстарыңызға сүйенерміз», деді Тоқаев. 

Бұған дейін Алматы облысында салынатын АЭС-тің құрылысы ресми түрде басталған болатын. АЭС-ты Ресейдің «Росатом» компаниясы салады. Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2035-2036 жылдары аяқтау жоспарлануда.  Құрылысқа кем дегенде 14 миллиард доллар жұмсалуы мүмкін. 

Қатысты Мақалалар