60 000 адамның өмірін құтқарған 9 жасар қыздың таңғажайып әрекеті

/uploads/thumbnail/20170709194431991_small.jpg

9 жасар кішкентай қыз өте үлкен жүрек пен мейірімнің иесі АҚШ-тың Сиэтл қаласында тұрған.

Бір күні Сиэтлге «Сharity: water» қайырымдылық ұйымының басшысы Скотт Харрисон келеді. Ол лекциясында әлемдегі кедей мемлекеттерінде ауыз судың тапшылығынан адамдар қалай зардап шегетінін, оның ұйымы таза судың жетіспеушілігімен күресетінін айтып береді. Залдың бір бұрышында тыңдап отырған қыз адамдардың шалшық пен батпақтан лас суды ішетінін, соның салдарынан түрлі инфекция жұқтырып алатынын бірінші рет көріп, таңғалады. Ол тек осы судың салдарынан күн сайын 4500 бала қайтыс болатынын естиді. Рейчел оларды құтқаруға шешім қабылдайды.

Рэйчел ата-анасының көмегімен «Сharity: water» қорының ресми сайтында өзінің парақшасын ашады. Және 9-шы туған күніне өзін танитын достарына, таныстарына сыйлықтың орнына балаларды құтқару үшін ақша аударуды өтінеді. 15 адам таза суға қол жеткізу үшін оған 300 доллар жинау керек болады. Бірақ жиналған ақша тек 11 адамның өмірін құтқаруға ғана жетеді. Оның көңілі қатты түсіп кетеді. Туған күні өткен соң оның парақшасын жауып тастайды.

Бірнеше апта өткеннен кейін Америкада жан түршігерлік оқиға орын алады. Сиэтлдегі тас жолда 20 көлік соқтығысады. Оның бірінде Рейчел отбасымен болады. Бұл апатта ондаған адамдар тірі қалады, кейбірі жеңіл жарақат алады, алайда бірнеше жерден омыртқасы сынған Рейчел ғана жан сақтау бөліміне түседі. Дәрігерлер қызды аман алып қалу үшін бәрін істесе де, Рейчел есін жимастан қайтыс болып кетеді.

Лекцияны жүргізген Скотт Харрис қайғылы оқиғаны естіп, Рейчелдің соңғы өтініші болған парақшасын қайтадан ашады. Ол оны күнде бақылап отырады. Қоғамның назарын аударған оқиғадан соң, аударылған ақшаның саны арта бастайды.  

Рейчелдің қайырымды әрекеттері мен қасіретті тағдыры америкалық қоғамда үлкен резонанс туғызды. Әлемнің түкпір-түкпірінен  31 997 адам 1 265 823 доллар аударғаны белгілі болды. Жиналған ақшаға көптеген африкалық өңірлерге су жүргізуге болады және 60 000 адамның өмірін құтқаруға болады. 300 доллар жинағысы келген кішкентай қыздың арманы 40 есе артығымен орындалды.

Бұған дейін де Рэйчел қайырымдылық іспен айналысып, екі рет шашын өсіріп, оны қырқып, онкологиялық аурудың салдарынан шашы түсіп қалған балаларға жасанды шаш ретінде қолдануға берген екен. Ал Рейчелдің өлімінен кейін де оның ағзалары мұқтаж адамдарға беріліп, бірнеше адамның өмірін құтқарып қалған.

Осылайша кішкентай ғана қыздың әрекеті мен өлімі бүкіл адамзатқа ненің шын мәнінде маңызды екенін ұғындырғандай...

Қатысты Мақалалар