Польша «тыңшы» деген күдікпен дипломатиялық мәртебесі бар Қазақстан азаматын тұтқындады, деп хабарлайды КазТаг.
Ұсталған дипломат Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе (әскери дипломатиялық өкіл –Ред.) көмекшісі болып қызмет атқарған.
Польшаның ішкі қауіпсіздік қызметі ұсталған азаматтың елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін құпия мәліметтерді жинағанын хабарлады. Бұдан бөлек НАТО альянсының әскери инфрақұрылымына қатысты ақпараттарды астыртын жолмен қолға түсірмек болған.
1 тамызда Варшава аудандық соты күдіктіге қатысты үш ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Қазақстан билігі аталған жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасамады.