Трамп Вашингтонға Ұлттық гвардия әскерін кіргізді. Неге?

/uploads/thumbnail/20250812091104797_big.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп ел астанасына Ұлттық гвардия жасағын кіргізді. Мақсаты – өзі бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған «тәртіп орнату» және үйсіз-күйсіз төменгі әлеуметтік тап өкілдерін қаладан шығару. 

 

Трамптың айтуынша, ол қаланы көрікті әрі қауіпсіз етуді көздейді. Осы операцияны жүзеге асыру кезінде Вашингтон полициясын басқару құқығы федеративтік бақылауға өтпек.

 

Президент пәрменімен ел астанасына Ұлттық гвардияның 800 әскери қызметкері кіреді. АҚШ армиясының мәліметіне сүйенсек, Ұлттық гвардия әскери қызметкерлері әкімшілік, логистикалық және құқық қорғау қызметкерлеріне қолдау көрсету сияқты міндеттерді атқарады екен. Шілдеде үйсіз-күйсіз жүргендерді тұтқындау тәртібін жеңілдететін жарлыққа қол қойған Трамп енді астана көшелерін толық тазартуға кіріскен сыңайлы. Алайда, төменгі әлеуметтік тап өкілдеріне басқа қалалардан жағдай жасау қарастырылған-мыс.

 

Адам құқығын алдыңғы қатарға қоятын АҚШ әрекетін өзге демократиялық елдер және Вашингтоннан шыққан мыңдаған үйсіз-күйсіз адамдарды қабылдайтын өзге қала тұрғындары қалай қабылдайтыны алдағы күндердің еншісіне қалып отыр. Тең құқық тенденциясы тәртіппен ұштасар ма екен?...

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар