Индонезияда есірткімен ұсталған 2 қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20250626123951909_big.webp

2025 жылдың сәуір айында Индонезиядағы Бали аралында екі Қазақстан азаматы тұтқындалды. Ұсталған сәтте олардың жанынан шамамен 49 грамм кристалды метамфетамин табылған. Бұл жайтқа байланысты олар есірткі заттарын заңсыз таратты деген күдікке ілінді.

Индонезия заңнамасына сәйкес, мұндай қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылған.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты қосымша ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы Елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен тұрақты байланыс орнатып отыр. Бұл іс еліміздің дипломатиялық өкілдігінің ерекше бақылауында», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Қатысты Мақалалар