Кезінде «Биліктің бұлбұлы» атанған, қазір Коммунистің партияның көсемі болып отырған Ермұхамет Ертісбаев Астанада іске қосылатын LRT вагондарының ішінде тек қазақ тілі мен ағылшын тілінде ғана нұсқау жазылғанына шағымданды. Оның айтуынша «Орыс тілі – Ресми тіл. Ол барлық жерде Мемлекеттік тілмен қатар қолданылуы міндет» деп көз жасын көл қылды. Айта кетелік Әлеуметтік желілерде алдын ала таралған LRT вагондарының ішінде тек ағылшын тілі мен қазақ тілінде ғана нұсқаулар жазылған.