Әзербайжанда «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің екі қызметкері тыңшылықпен ұсталды

/uploads/thumbnail/20250630232645856_big.webp

Бүгін таңертең Әзербайжанның Ішкі істер министрлігі Баку қаласындағы «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің кеңсесінде арнайы операция жүргізіп, бірнеше адамды ұстады. АПА агенттігінің мәліметінше, ұсталғандардың қатарында Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) екі өкілі бар. Олар осы уақытқа дейін аталған ақпарат құралында жұмыс істеген.

«Sputnik Әзербайжан» — Ресейдің «Россия сегодня» халықаралық медиа агенттігінің Бакудегі бөлімшесі. 2024 жылдың ақпан айында Әзербайжан билігі агенттік қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған еді. Бұл шешім шетелдік БАҚ-тың ел аумағындағы жұмысын реттеу және өзара ақпарат алмасу теңдігін сақтау мақсатында қабылданған.

Ресми талап бойынша, Бакуде жұмыс істейтін «Sputnik» журналисінің саны Ресейдегі әзербайжандық «АЗЕРТАДЖ» агенттігінің тілшілерімен тең болуы тиіс болған. Алайда «Sputnik Әзербайжан» бұл шартты орындамай, қызметін жалғастырған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар