Ресей дайындаған Алматыда салынатын АЭС-тің алғашқы макеті көрсетілді

/uploads/thumbnail/20250808122929564_big.webp

Росатом Алматы облысындағы Үлкен ауылында салынатын АЭС-тың алғашқы макетін таныстырды. Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің ақпараты бойынша, дәл осы үлгі бойынша болашақ қазақстандық станцияны салу жоспарлануда.

Макенттегі станция Ресейдің Нововоронеж АЭС-інің 6 энергоблогы. Бұл блок 2016 жылы іске қосылған. Оны «Росатом» компаниясы салған.

Сондай-ақ, сол жерде топырақ сынамаларын алу үшін бұрғылау жұмыстары басталды. Үлгілері бар капсула қажетті зерттеулерді жүргізу үшін Ресей тарапына жіберіледі.

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2035-2036 жылдары аяқтау жоспарлануда.  Құрылысқа кем дегенде 14 миллиард доллар жұмсалуы мүмкін. Алғашқы АЭС құрылысы бойынша халықаралық консорциум көшбасшысы Ресейдің «Росатом» компаниясы.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар