Түркияның Балықесір провинциясында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазір 300-ден аса құтқарушы мен 79 техника іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына сәйкес жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қираған.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желіде зардап шеккендерге қолдау білдіріп, жер сілкінісінен кейін алғашқы минуттардан тиісті жұмыстар атқарылып бастағанын хабарлады.