Жекеменшік мектептерге қатысты жаңа ереже қабылдануы мүмкін – Ғани Бейсембаев

/uploads/thumbnail/20250630150645173_big.webp

Жекеменшік мектептердегі кемшіліктерді жою мақсатында тиісті ереже қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін мәлімдеді.

Журналистер министрден жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

– Жекеменшік мектептерді қаржыландыру кешігіп жатқан жоқ. Барлық қаражат бөлінді. Қазіргі таңда тек 2-3 өңірде ғана қаржының аударылуына байланысты жекеменшік мектептердің акт тапсыру үдерісінде кідіріс бар, – деді министр.

Сондай-ақ тілшілер тарапынан «Егер жекеменшік мектепте 200 оқушыдан аз болса, ол жабылады деген ақпарат рас па?» деген сұрақ қойылды.

– Соңғы жылдары мемлекеттің қолдауы арқасында кейбір кәсіпкерлер 20-30 оқушыны жинап, ешқандай инвестиция салмай-ақ мектеп ашып жатыр. Ал негізгі мақсат – жеке инвестиция арқылы мектеп салу, инфрақұрылымды дамыту. Біздің байқауымызша, жекеменшік мектептердің 60-70 пайызы ешқандай жаңа ғимарат салмаған, бұрыннан бар нысандарды бейімдеп қолданып отыр. Мұндай жағдайда ата-аналарды алдамай, сапалы білім беру – басты талап. Сондықтан бұл салада реттеуді қажет ететін мәселелер бар. 200 оқушы – бұл 8 сынып жиынтығы. Егер мектеп 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін жұмыс істесе, «оқушы контингенті толық па?» деген сұрақ туындайды. Жалпы, қазір жекеменшік мектептерге қатысты мәселелер кешенді түрде қарастырылып жатыр, – деді Ғани Бейсембаев.

Қатысты Мақалалар