Гондураста тауықты темір торға тоғытқан (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709202046427_small.jpg

Гондураста әтеш түрмеге тоғытылды деп хабарлайды Daily Mail. Ол Трухилью қаласының екі тұрғынын ұрыстырды деп айыпталды.

Ер адам өзінің ауласында көршінің әтешін көрген. Оған құстың шулап, ауласын бүлдіргеніне наразылығын білдірген. Осылайша екі көршінің арасында жанжал болды. Көршілердің бірін өлтіреміндеп қорқыта бастағанна кейін, көршілері полицейлерді шақырған.   Полицейлер жанжалдасқан ер адамдарды емес, әтешті алып кеткен. Екі көрші татуласқаннан кейін, оны қайтаруға уәде берді.

Әтештің темір тордың арғы жағында отырған фотосы әлеуметтік желі қолданушыларының арасында тез таралды. Фотолардың бірінде полицейлер әтешке сәйкестендіру биркасын тағып жатқанын көруге болады. Екіншісінде әтеш түрмеде отыр.

Қазан айында шотландық Данди қаласының полицейлері жол ережесін бұзып, жүруге болмайтын жерден өткені үшін тауықты ұстаған болатын.

 

Қатысты Мақалалар