Бұл, бұл екен, бұл екен,
Есіктегі күң екен,
Төрге шыққан құл екен,
Қазақтың №1-і
Қас жау кім екен?..
Қазақты Дінінен айырған,
Қазақты Тілінен айырған,
Өз жері, өз елі болса да,
Қазақтың қанатын қайырған,
Бар малын жоқ қылып қорадан,
Тірісін кебінге ораған,
Қазақтың жер асты, жер үсті,
Байлығын түк қоймай тонаған,
Көрген жан түңілер сұрынан,
Жаралған пенденің сұмынан,
Қыңсылап ылыққан иттейін,
Күні-түн орманға ұлыған,
Сонда бұл қай сорлы құрыған?
Бұл, бұл екен, бұл екен,
Есіктегі күң екен,
Төрге шыққан құл екен,
Қазақтың №1-і
Қас жау кім екен?.
Жұмаш Көкбөрі,
30.01.2017 жыл