РЕСЕЙДЕН ҚҰН СҰРАЙМЫН!

/uploads/thumbnail/20170709203307381_small.jpg

  Ресей Мемлекеттік Думасы Қазақстаннан жер даулау мәселесін ашық талқылап жатыр деп хабарлайды "Униан" ақпарат агенттігі.

        «В Госдуме РФ открыто обсуждают территориальные претензии к Казахстану. Депутат Государственной думы от ЛДПР (төрағасы В.Жириновский). Павел Шперов на заседании парламентского «круглого стола» по проблемам российских соотечественников открыто пообещал вернуть в состав Российской Федерации «исконно российские земли Казахстана», сообщило информационное агентство  27 января 2017 г. 16:10  УНИАН». (http://www.profi-forex.org/novosti-rossii/entry1008304254.html).

 

         Тарихқа үңілсек, 1961 жылы КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары Н.Хрущев Қазақстанды бөлшектеу мақсатында еліміздің Солтүстігіндегі бес облысты Ресейге, Шымкентті Өзбекістанға, Маңғыстауды Түркменістанға беру жөнінде мәселе көтерді. Алайда, ол сол кездегі Қаз ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Ташеновтың ССРО Конституциясын басшылыққа алып, Қазақ жерінің  ешкімге берілмейтінін айтып қасқайып қарсы тұрған қарсылығына тап болды. Кектенген Хрущев екі айға да  жеткізбей Ж.Ташеновты орнынан алып Шымкентке облыстық Атқару Комитетінің орынбасары етіп жіберді. Ел үшін, жер үшін мансабынан баз кешкен Ж.Ташеновтың  бұл  ерлігі ел арасында аса жоғары бағалануда, үкіметтің қаулысынсыз-ақ оған бүкіл Қазақ халқы «Халық батыры» деген атақ берді.

 

        Хрущевтан кейін бұл әңгімені М.Горбачев пен А.Солженицын бықсытты. А. Солженицынның «Бiз Ресейдiң көсегесін қалай көгертеміз?» деген публицистикалық толғауында «Балтық жағалауындағы үш, Кавказдық үш, орта азиялық төрт, егер шынымен Романдарға бүйрегі бұрылып тұрса, Молдавияны және дені қазақтардан құралатын оңтүстік-батыс Қазақстанды («көріпкел» мұнда Шымкент, Қызылорда, Атырауды меңзеп отыр – М.Қ.) өз бетімен коя беріп», «орыстілді төрт мемлекеттен (РФ, Украина, Белоруссия және орталық батыс, солтүстік Қазақстан) құралатын «Славян одағын құру» платформасын ұсынды.

        А.Солженицын 1992 жылы күзде Н.Говорухин екеуі өткізген телесұхбаты кезінде, Қазақстан туралы сөз болғанда: «Не деп тұрсың, Қазақстан деген орыстілді халық емес пе? «Түптің-түбінде бәрібір біртұтас ұлт болып кетеміз деп үміттенген коммунистердің мылжыңдығынан ел болып, үлкен территорияға ие болып қалғаны болмаса… Қазақтың малының тұяғы басқан жердің бәрі неге қазақтікі болмақ?» – деген еді. Бұл сарын Ресей саясаткерлері мен қайсыбір тарихшы, журналистерінің аузынан әлі күнге түспей келеді. Солженицын мақаласының негізгі түйінінде: «Малороссов дейсің бе, Велико-Россов, мейлі Белороссов» дейсің бе, бәрібір бұл төрттік түптің-түбінде «Русь», «Российский Союз» аталады», – деп кесіп-пішіп айтқан болатын.

       Ол аталған жазбасында КСРО құрамындағы: украин, беларусь, басқа да үлкенді-кішілі халықтарды Ресейсіз күн көре алмайтындар деген сыңайда бағалады.

       Ал осы Солженицынды кім дейтін болсақ, орыс жазушысы Г. Климов ол жайлы былай депті (кейбір үзіндіні түпнұсқа күйінде беріп отырмыз): «Мотором, приводяшим в движение творческий процесс полуеврея Солженицына, очевидно, является психическая болезнь – «Комплекс мессии» или же «Мания реформаторства» («Красная кабала»). Одан кейін: «...Его отец был евреем-выкрестом, из Исаака стал Исаем, и вот таким образом получился Александр Исаевич Солженицын», – деді. «Исаевичтің» атасы Семен Ефимович, әкесі Исаак Семенович, шешесі Таисия Захаровна Щербак та еврей-выкрест (өзге дінге енуші) екен».

       Ол АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) тапсырысымен, шет елдерді аралай «ән салып» жүріп, КСРО-ға қарсы өзінің жазғаны, өзгеге жаздыртқаны бар – жиыны 1500 шамалы кітап шығартқан.

       Қысқасы, ол жариясыз миллионер болып, 1976-жылы Американың Вермонты қаласында тұрақтаған. Шындығында, ол сол заманның тілімен айтқанда, өз еліне сатқындық жасағандықтан, бар өмірін түрме мен айдауда өткізген. Ол Кеңестік Одақ үшін аса қауіпті қылмыскер болатын. Алайда, Ресей сол Солженицынды Одақ ыдыраған бойда елге шақырып иығына «шапан» жауып, үлкен құрмет көрсетті.

 

        Ресейдің, орыс халқының жалғыз жанашырынша сайрап жүрген әлгі... «шешем – орыс, әкем – заңгер» дейтін жерлесіміз В. Жириновский және қазаққа қарсы басқа шуылдақтар да сол «дядяларынан» үлгі алды (жерлесіміздің шын аты-жөні – Владимир Вольфович Эйдельштейн. Ол әкесінің «Вольф Исакович» екенін де жасырып, «Вольф Андреевич» деп жазыпты). Демек, оларда атасын да, атасының атында ауыстыру олар үшін үйреншікті жағдай.

        Ресей шовинизмінің бір мүйізін ұстап жүретін осы Жириновский қазақтарды әлсін-әлсін мазақ етумен келеді:

     -  Қазақстан тәуелсіздік алып, Көк байрағын көкке желбіреткенде, Жириновский ашу-ызадан жарылардай болып Қазақтың көк байрағын отқа өртеді.

      -   «Қазақстан деген ел адамзат тарихында болмаған. Мына өзбектерде ең болмаса Үргеніш, Бұхара секілді қалалар болды. Хандық болды. Ал оңтүстік–Сібірде ештеңе болған жоқ. Бұл Сталиннің ойдан шығарған қиялы. Қазақтарда не мемлекет, не жер болған емес. Қазақстанның солтүстік облыстарының барлығы дерлік орыстың жері».

     -   Кейінірек, Жириновский қазақтың қара домбырасын «екі ішек, бір таяқ» деп мазақ етті. Тақыр далада ертеден кеш, не тұшымды сөзі жоқ, қазақтың аңыраған әнінен басқаға жарамайтын қу таяқ деп залдағы жұртты мәз қылды.  «Қазақ тілі деген не өзі? Жазба әдебиеті болмаған  ұлтта қайдағы тіл?» деп тілдеді.

      -    Қазақтар туралы мазақ сөздері интернеттің ермегіне айналды. «Олар» дейді видео роликтің бір тұсында, (бізді, қазақтарды айтады), «бабалары жабайы, қыдырымпаз, көшеді де  жүреді, тұрақты мекендері жоқ, қолдарындағы ағаштарын (домбыра) сабалап, өздері айтып, өздері мәз халықтың бүгінгі ұрпақтары солар... Мәдениеттен жұрдай» деп мысқылдады.

      - Қазақтарға жаппаған жаласы, артпаған кінәсі жоқ. Ұмытпасам Ресейдің Президеттік сайлауына түсіп жатқан кезі болса керек, Қазақстандағы орыстардың «қиын» жағдайын ашына айтып «Жатаханаларда, мәдени орындарда т.б. көптеген жерлерде орыс  ұлтына қысым жасалуда. Орыс мүддесі Қазақстанда аяқ асты етіліп жатыр», - деп байбалам салып өзеуреп, екі иығын жұлып жеді.

     -    В. Жириновский  тек қана жалғыз қазақтарға тиісіп отырған жоқ.  Тарпаңдығын көрсетіп, «ноқтаға» басын сұққысы келмеген Украинаға  қарата айтқан мына бір сөзіне назар аудармай көріңіз. «Балақайлар, ойындарың қанған болар. Бірдеңеге ұрынып қалмай тұрғанда тезірек үйге қайтыңдар. Әлі де кеш емес, еркеліктеріңді кешіреміз» деп соқты.

      -    Қырғызстанда қырғын болып жатқанда: «Бұлар өз беттерімен (оның ішінде бізде бармыз) ел бола алмайды деп мен айтқалы қашан. Күні ертең бәрі де келеді қыңсылап. Соғыс өртін өршітпеу үшін Қырғыздарды тез арада Ресейдің автономиясы етуіміз керек» деп өзеуреді.

        -  «Демек, олар жерін беруге дайын. Шындығында, Қырғызстанда пайдалы қазбалар ғана емес, басқа да нәрселер бар... Су ресурстарын пайдалануға болады. Егер олар ешнәрсе бергісі келмесе... Ыстық көлді берсін», – деп мәлімдеді. Оның сөзінше сайлау науқаны кезінде Қырғызстан президенттігіне кейбір үміткерлер алдын ала Ресейге «тұтас облысты» беремін деп (егер Ресей тарапы билікке келуге көмектессе) уәде еткен көрінеді.

         Қаншалықты,  «керуен өз жөнімен көше береді» десек те, оның айтып жүргендері жанды жаралайтын өте ауыр сөздер!!! Қарап тұрсаң оған бәрін айтуға құқық берілгендей. Ал бізден біреу шығып айтып көрсінші тап осылай. Ұлт араздығын қоздырушы ұлтшыл, фашист,  террорист атанып, құйрығына қалжауыр байланып, әлдеқашан зынданға тасталған болар еді. Жириновский болса аузына не келсе соны оттап, ақпанда құтырған адуынды бурадай көбігі көкке шапшып әлі жүр.

         Қырғызстан Парламенті РФ Мемлекеттік думасының депутаты, вице спикері, РЛДП көшбасшысы Владимир Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп жариялап, елдің Сыртқы істер министрлігіне оны республика аумағына кіргізбеу туралы мәселе қойды. Жоғарғы Кеңеш депутаттары мәжілісте ұсынысты қолдап қаулы қабылдады.

         Айта кетейік, бұдан бұрын Латвия мен Украина да Владимир Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп жариялаған болатын.         

       Тарихқа шегініс жасасақ, Алаш Орда арыстарын түгелдей қырғынға ұшыратып, қолдан қасақана аштық ұйымдастырып, қазақ даласын қанға бояған Голощекин де ебрей болатын. Осы қырғында Қазақ елі өзінің үштен екі бөлігінен айрылды, яғни алты миллион адамнан, бар жоғы бір миллион тоғыз жүз мыңдай адам қалған. Қазақстан тәуелсіз ел болды дегенде, ашу-ызадан жарылардай болып Қазақтың Көк байрағын отқа  өртеген мына Жириновский де ебрей. Осылардың бәрі кездейсоқтық болуы мүмкін бе? деген сұрақтың өз-өзінен туындап тұрғаны анық.

         Сонымен Жириновский деген кім? Ол – идеясын өлермендікпен қорғауға бар, кіші ұлттарға жиіркенішін жасырмайтын «ұлы халықтың ұлтжанды» ұлдарының бірі. Оған диалогтың, сұхбаттың шырқын бұзу (әрине, қызу пікір-талас кезінде), қолына түскен заттың кез келгенін қару етіп қарсыласын «ықтырып» алу ерлікпен пара-пар. Бұл сөзімізге дәлелді алыстан іздеп әуреге түсудің қажеті жоқ. Күнделікті Ресей телеарналарындағы өзекті проблемаларды көтерген телешоулардан, тікелей эфирлерден Жириовскийдің ызалы дауысын, қышырлаған тісін, қалшылдаған қолын, әлдекімге кектенген жанарын көрсең жетіп жатыр. Грузияға қарата айтылған боқтық аралас сөзіне де «тәйт» деген бір адам болған  жоқ. Ресей билігі  сөзін қолдағасын қонышынан басумен келеді. Әйтпесе, сол Жириновскийдің орнында өзге ұлт өкілдері, тіпті сол орыс ұлтының өзінен-ақ болсыншы, олардың еш қайсысын бұлай тайраңдатып қоймаған болар еді. Бұдан шығатын қорытынды, бүгінгі Ресей билігінің тұтқасын ұстап отырғандар таза  Орыс емес, Ебрей лоббистері. Мен білетін ежелгі орыстардың  (олар күні кеше өзімізден бөлініп отау тіккен) мәдениеті, білімі, ақыл – парасаты мен әділеттілігі аса жоғары деңгейде болатын.

 

        Ал, Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс облыстарын Ресейге қайтару керек» деп сілтеген жазушы Э. Лимонов ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ресейге жолдаған қарсылық нотасына пысқырып та қарамай, тіпті одан да асып түсіп, Қазақстанды мазақ еткендей жауап қайтарды.

        «Украйна туралы айта отырып, сөздің арасында орыстар негізін қалап және сонда тұрып жатқан, КССРО ыдырағаннан кейін қазақ аумағында қалып қойған Ресейлік қалалар Ресейге қайтарылуға тиіс және Ресейдің оларды кері талап етуге құқығы бар деп айтқаныма Қазақстан ашуланыпты. Айталық, бұрын Жайық (Яик, Яицкий) қалашығы деп аталған, айтпақшы, Пугачев көтерілісінің орталығы болған Орал (Уральск) қаласы, сұмдық-ай, неге ол Қазақстанға тиесілі болуы керек? Немесе Актюбинск, Немесе Петропавловск, немесе Семипалатинск, немесе Павлодар, немесе Усть-Каменогорск... Бұлар - орыс қалалары. Қазақтарда қала мүлдем болмаған, олардың мәдениеті көшпенділік».

 

        Орыстың тарихшы – ғалымы  А. Б. Широкоградов «Утерянные земли Россий: отколовшиеся республики» атты кітабында (Мәскеу. «Вече» баспасы, 2008 жыл) былай деп жазады. «Ежелден Ресейге тиесілі, көне заманнан Ресейдің жері болып келе жатқан біраз аймақ КССРО тараған кезде, өкінішке қарай, Украинада, Қазақстанда, Түрікменстанда қалып қойыпты. А.Б.Широкоградовтың дәлелдеуінше, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның қазіргі жерлері 1620 жылдан бері қарай Ресей жері екен. 1620 жылы бұл жерлердің Ресейдікі екені құжат жүзінде айғақталыпты – мыс. Ал оның алдында ше? Оның алдындағы замандарда да бұл жерлер орыстікі екен. Автор «енді не істеу керек?» деп сұрақ қойып, оған жауапты өзі беріп, бұл жерлерді қайтарып алу керек депті. Бірақ  қалай қайтарып алудың жолын көрсетпеген. «...бұл жерлер Ресейге қайтарылмайынша, біздің (көпше түрде, бүкіл Ресейліктердің атынан сөйлейді) тыныш ұйықтай алмайтынымыз анық депті».

 

         Өздеріңіз көріп отырғандай Ресей шовинистері қазақ даласына көз алартқанын ешқашан тоқтатқан емес. Сонау ХҮ111 ғасырдың басынан бастап Орыс патшалығы Қазақ жерін жаулап алғалы бері қазақ халқының өз ата мекендерін қорғау жолында басқыншыларға қарсы ұлт азаттық соғысы 300 жыл бойы бір сәтке де толастаған жоқ. Осы жолда сан миллиондаған ата-бабаларымыздың қаны төгілді. Тәуелсіз ел болғанымызға да міне ширек ғасыр толыпты. Алай да олар әлі де сол шовинистік пиғылдарынан бас тартпай келеді. Жоғарыда көрсеткендерімнен де басқа Оралдағы казактар салған лаңды, Өскемендегі Пугачевтардың іс-әрекетін, Кеңес одағының бірінші және соңғы президенті, соңғы бас хатшы М.Горбачевтің Қазақстанның бес облысы Ресейдікі деп көз алартқанын, осыны малданған Бүкілодақтық казактар ұйымы дейтіндердің Оралда, Көкшетауда, Ермакта (Ақсу), Павлодарда, Өскеменде, Алматыда тағы басқа да қалаларымызда неше түрлі арандату жиындарын өткізгенін  еске алсақ, Ресейдің шынында да ұйықтай алмай жүргендеріне сенбеске ылажымыз жоқ.

         Бір қызығы, автор өз еңбегінде, Өзінің ежелгі жерін, түу түпкі заманнан бері ата-бабалары жайлаған киелі қонысты Ресейге беріп қойып, қазақтардың қалай тыныш ұйықтап жүргендері жөнінде ләм-мим демепті...

 

        Жоғарыдағы көрсетілгендерден және  Ресей Мемлекеттік Думасының Қазақстаннан жер даулау мәселесін ашық талқылауынан бүгінгі Путиндік Ресей билігінің пиғылын айқын аңғарамыз. Жалпы әлемдік тәжірибе де, агрессияның басы осындай ақпараттық соғыстармен басталады. Әйтпесе, Ресей Президенті үшін Шперовтың аузын жауып, қараңғы қамаққа тоғыту түкке де тұрмайды.

 

         Ресейлік ғалымдардың және олардың басшыларының осы сөздеріне мынадай жауап бере кетейін:

          Қазақтың атамекенін жаулап, өздерінің Ата жұртына (Қазық жұртқа, Қазғұртқа, яғни бүкіл жер бетін топан су қаптаған кездегі Нұқ пайғамбар кемесінің тоқтаған жеріне) қиянат жасаған Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің (КСРО) жағдайы баршамызға белгілі. Патшалық Ресей миллиондаған жазықсыз жандардың басын «жалмауыздай жалмап» барып, өз қанына өзі тұншықты. Ал Кеңес (Ленин) үкіметінің бар ғұмыры  жетпіс жылға да жетпей «аяғы аспаннан» келіп, желкесі қиылды. Осы қырғындарды ұйымдастырғандардың барлығы дерлік, Адам сияқты (артына ұрпақ пен жақсы аттарын қалдыру) өмірдің қызығын көре алмай, азапты өмір кешті, азаппен өлді.

         Қазақ жерін жаулаймын деп 200 жыл бойы қазаққа тыныштық бермей жанталасқандардың тағы бірі Жоңғар болатын. Сол Жоңғардан бұл күнде «Жоңғар жоталары» деген атпен жалғыз жота мен осы аттас жалғыз кітап қалды. Өзгенің жеріне, әсіресе Ата жұртқа көз алартқандардың шығатын «шыңы» осы. Мұндай жағдай, яғни Ата жұртқа қиянат жасау бұрында да сан рет болған. Бәрінің де арты осылай аяқталды. Әлі де солай аяқталады. Бұған ешкімнің күмәні болмасын.

 

         Осы көрсетілгендердің негізінде, төмендегі жағдайларды қаперлеріңізге ҰСЫНАМЫН:

 

          БІРІНШІДЕН, Біздің ғұлама бабамыз Махмұд Қашқаридың 1072-1078 жылдар арасында сызылған «Әлемнің домалақ картасы» атты еңбегі бар. Онда Көне Шығыстың  шекарасы, қала, жер-су аттары анық көрсетілген. Тарихты тіміскілеген орыс тарихшыларына, әдебиетшілері мен саясаткерлеріне  (Широкоградов, Лимонов, Жириновский, Шперов т.т.) осы картаны бір қарап шығуға кеңес беремін.

 

          ЕКІНШІДЕН, Қайран менің «Қарға бойлы Қазтуған» бабамның:

           «Салп-салпыншақ анау үш өзен

           Салулы менің ордам қонған жер

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер

Жатып қалып бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер

Жарлысы мен байы тең

Жабысы мен тайы тең

Жары менен сайы тең

Ботташығы бұзаудай

Боз сазаны тоқтыдай

Балығы тайдай тулаған

Бақасы қойдай шулаған

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас

Балығы көлге жылқы жаптырмас

Бақасы мен шаяны

Кежідегі адамға

Түн ұйқысын таптырмас

Қайран менің Еділім

Мен салмадым,сен салдың

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт!!!..... деп, ата қонысының өзін жатқа қайырлы ет деп тілеген Ұлы бабалардың ұрпағы екендігімізді ескертемін.

 

           ҮШІНШІДЕН, Сіздер Ресейді 1994 жылғы Қазақстан ядролық қарудан бас тартса,  жеріңе қол сұқпаймын деп, салтанатты түрде берген антын бұзуға ашықтан-ашық үндеп, Ресей президенті В.Путинді бүкіл әлем алдында берген антын орындамайтын екіжүзді етіп көрсетуге барынша талпынып жүргендеріңізді естеріңізге саламын.

 

           ТӨРТІНШІДЕН, мен мынау Солженицын, Жириновский, Дугин, Широкоградов, Лимонов, Шперовтар сияқты Сіздердің елдеріңізге еш жамандық тілемеймін. Өзге елдің ары мен намысына тиісіп, жерін даулап, жамандық тілеу, тамыры таяз елдің «ессіз ұландарының» іс-әрекеті болмақ.

 

            БЕСІНШІДЕН, кезінде Патшалық, соңғы Кеңестік Мәскеудің зорлығынан ондаған елдер тәуелсіздігінен айрылып,  сол тәуелсіздік үшін күресте сан миллиондаған адамдардың қырғынға ұшырағаны бүкіл әлемге әйгілі. Арты жақсылықпен бітпейтін мұндай дауды қоздыра беру, келешек те осы елдердің бәрі  бүгінгі Ресейден Ата-бабаларының құнын сұрауға апаратынын біле жүргендеріңіз абзал.

 

            АЛТЫНШЫДАН, қазақтың ежелгі Атамекеніндегі менің аталарымның сүйектерінің үстіне зорлықпен салынған қалаларды менікі деп даулағандарың сендердің сол жаулаушы-жауыздардың ұрпағымын (правопреемник) деп мойындағандарыңыз. Демек, біз Сіздерден сол бірнеше миллиондаған ата-бабаларымның құнын талап етуге құқылымыз.     

          Федеральный закон от 24.05.1999 N 99-ФЗ

          "О государственной политике Российской Федерации в отношении соотечественников за рубежом"

          Настоящий Федеральный закон исходит из того, что:

          Российская Федерация - есть правопреемник и правопродолжатель Российского государства, Российской республики, Российской Советской Федеративной Социалистической Республики (РСФСР) и Союза Советских Социалистических Республик (СССР);

            «Единственной ПРАВОПРеЕМНИЦей СССР является Россия. Россия выиграла у Украины. В удовлетворении иска было отказано на основании того, что РФ является единственной страной-правопреемницей Советского Союза. (6 июня 2015 г. в 19:29 Автор: Дмитрий Музалевский).

         Демек, бүгінгі Ресей күні кешегі КСРО-ның (СССР) барлық ісіне жауапты. Демек, бүгінгі Ресей күні кешегі Кеңес билігінің 4 млн-нан астам қазақты жазықсыз қырғанына да жауапты.

 

    Автор: Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Қатысты Мақалалар