«Саяси калам. Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай тұтқындалды деп жазды «KazINFO Today». Бұл туралы жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро мәлімдеген. Ақпаратқа сай, тұтқындау «БТА банк» экс-басшы Мұхтар Әбіләзов пен сыбайластарына қатысты тексеру аясында болған.
Бюро таратқан ақпаратқа сай Жанболат Мамай олигарх Мұхтар Әбіләзовтің құпия түрде қаржылық қолдауына ие болды деп айыпталып отыр.
Айта кететін болсақ, былтырдан бері Қазақстанда БАҚ өкілдерін тұтқындау жиілеп кетті. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро әкелі-балалы Сейітқазы және Әсет Матаевтардың үстінен жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. 2016 жылы 3 қазанда Астана қалалық Есіл ауданының 2№ соты С. Матаевты салық төлеуден жалтарды, алаяқтық жасады деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал, С. Матаевтың ұлы «ҚазТАГ» Халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаевты «Алаяқтық» бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот CentralAsiaMonitor бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдулин де тұтқындалып, Жамбыл облыстық әкімдігінен ол 10 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын бопсалады деген айып тағылған болатын. Кейіннен Елбасының рақымшылығымен босап шыққаны хабарланды.
Пікір қалдыру