СҚО –да биаэтанол өндірісі зауытының жұмысы қайта жанданады

/uploads/thumbnail/20170709205740154_small.JPG

Бұл туралы Мұхтар Құл-Мұхаммедті бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі хабардар етті. «Нұр Отан» партиясының облыстық активімен өткен кездесуде жағымды жаңалықты жария еткен Ерік Сұлтановқа бүкіл зал қол соқты. Өңір басшысы тұрып қалған кәсіпорынды сатып алатын жергілікті инвесторлардың табылып, биылғы жылы өндірісті іске қосуға дайын екендерін жеткізді. Қазір құжаттарды рәсімдеу жүріп жатыр.

«Биохим» зауыты 2006 жылы салынған. Кәсіпорын істен шығып, ұзақ уақыт бойы жұмысы тоқтап тұрды. Алайда оған 80 миллион доллардан астам ақша салынған болатын. Бірақ бүгінгі күнде де аталған ол бүкіл Қазақстан мен посткеңестік кеңістіктегі бірегей кәсіпорын болып табылады. Ол жылына елу мың тоннадан астам биоэталон, 19 мың тонна балауыз, 24 мың тонна ашытқы, 58 мың тонна ұн мен 50 мың тонна кебек шығара алады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар