Түркия армиясының штабы мәлімдеме жариялап, Ресей басшыларының Ресей қырғи ұшақтарының әл-Баб қаласындағы Түркияның әскерилері орналасқан ғимаратты нысанаға алуы туралы мәлімдемесін теріске шығарды. Бұл туралы Pars Today жазды.
Түркияда шығатын "YeniSafak" газетінің интернет торабының мәлімдеуі бойынша, Түркия армиясының штабы жұма күні таратылған мәлімдемеде: «Түркияның әскерилері он күн бұрын осы мекенге орналастырылған болатын. 8-ші ақпанда Түркияның біріккен күштері орналасқан мекенге Ресейдің әскери күштерінің қарамағындағы аймақтан зымыран атылған соң мәліметтер тағы да ресейлік тарапқа жарияланды» деп мәлімдеді.
Ресей қырғи ұшағының әл-Баб қаласында Түркия күштері орналасқан ғимаратқа жасаған шабуылынан Түркияның үш әскериі қаза болып, 11 кісі жараланды.
Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта осы оқиғаға өкініш білдіріп, Түркия әскерилерінің қазасына байланысты Ердоғанға көңіл айтқан еді.
Пікір қалдыру