ҚР ИДМ Индустрия және туризм департаментінің директоры Марат Иғали Алматыдағы Универсиаданың ең әдемі сәттерін бейнелейтін видеоны әлеуметтік желілерде жария етті.
Универсиада Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Бүкіләлемдік студенттер ойыны қазақстандық студенттер қатысқан Универсиадалардың ең сәттісі болды. Қазақстан құрамасы елімізде өткен Униерсиада ойындарында барлығы 36 медаль иемденді. Оның 11-і алтын, 8-і күміс, 17-і қола медаль.
Пікір қалдыру