Бір аяғы жоқ ер адамды ауруханадан қуып, далада тоңуға жол берген

/uploads/thumbnail/20170709210330981_small.jpg

Куәгерлердің сөзінше, дәрігерлер жарымжанның қасынан өтіп тұрып, ешқандай көмек көрсетпеген.

12 ақпан күні кешке қарай Самарада клиникалық аурухананың бірінде адам шошырлық жағдай орын алды. Бір аяғы жоқ балдақпен жүрген жарымжан адамды жедел жәрдем көлігімен ауруханаға әкеледі. Алайда оны қақаған аязда қайтадан далаға шығарып жіберген, деп хабарлайды ProGorodSamara.ru.

– Далада -14! Оны қалай әкелді? Мен көргенде кешкі бестердің шамасы болатын. Мүмкін жедел жәрдем көлігімен әкелген шығар, оны ауруханаға кіргізеді. Бірақ сағат бес жарымдарда қарасам, ол аурухананың есік алдында қалтырап жатыр екен. Оны қалай қуғанын көрмедім. Ол сол жерде 30-40 минуттай жатқан. Мүмкін бір сағат шығар! Оған көмектесуге келген аурухана қызметкерлерін байқамадым. Ең жаманы, жедел жәрдем көліктері келіп-кетіп жатты. Ешкімнің шаруасы болмады. Бұл жекеменшік аурухана емес, қалалық аурухана ғой!» – деді куәгер таңдана.

Қыздың айтуынша, ол ер адамның одан кейінгі тағдырын білмейді:

– Мен аурухана қызметкерлерінен ер адамның жағдайын сұрадым, бір жаққа апару керектігін немесе полиция шақырту керектігін айттым. Медбике полиция шақыртқанын айтты. Нақты қайда алып кеткенін білмеймін. Ол адамның жарымжан екені анық. Қалалық аурухананың жедел жәрдем көлігі мен аурухана қызметкерлерінің көріп тұрып, қол ұшын бермегені қынжылтты. Бұл – сұмдық! Оны қабылдау бөліміне тіркеу керек еді, алайда оны ауруханаға жатқызбағаны анық. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар