30 жастағы Дауд Аушев Самараға бес жыл бұрын көшіп келген. Жаздың ыстық күнінде ол паркте досын күтіп тұрады. Алайда кенеттен бір жайтты көзі шалып қалады. Кішкентай қыздың қолын қысып ұстап алған ер адамды байқап қалады.
Алғашында Дауд қыздың әкесі шығар деп ойлап, араласқысы келмейді. Бірақ кейіннен Аушев баланың ақырын даусын естіп қалады. Қыз өзінің үйіне қайтқысы келетінін айтып, жіберуін өтінеді.
Кавказ жігіті бірден түсініп, ширақ қимылдай бастайды. Ол қастарына барып, баладан ер адамның оған кім болып келетінін сұрайды.
Ол оны танымайтынын айтады. Жоспары іске аспай қалғандықтан ашуланған педофил баланы итеріп жіберіп, Даудқа пышақ ала жүгіреді.
Өз-өзін қорғау мақсатында ол жерде жатқан сының бөтелкемен азғынның басынан бір қойып, қолын қайырады. Бәрі жылдам болғаны соншалық, өтіп бара жатқан адамдар төбелесті Аушев бастады деп ойлап қалған. Алайда қыз болған жайтты айтып берген соң, жағдай орнына келді.
Сол уақытта қыздың әкесі келген соң, Дауд оқиға орнын үнсіз ғана кетіп қалады. Тек жарты жылдан соң, қыздың отбасы құтқарушысын тауып, алғысын айтады.
Қарапайым әрі салмақты жігіт өзін марапаттаудан бас тартып, «батыр» санамауын өтінді. «Мұндай әрекетке кез келген жігіт барады», – дейді Аушев.
Пікір қалдыру