Қазақстандық орындықтар руға бөлінді

/uploads/thumbnail/20170709210504811_small.jpg

Онсызда ру-руға бөлінген қазақ енді орындықтарға рудың атын жазатынды шығарды. Бұған дейін де көліктер мен кілттерде, әртүрлі заттарда таңбаланатын рудың аты енді орындықтарда көрініс ала бастады.

Бұған пікір білдірген Жәнібек Қожық Facebook парақшасында: «Ру, ол – сенің ата бабаңның киелі есімі. Атаңның атын отыратын орындыққа жазу, түрлі арзан жарнамаға, ақша үшін пайдалану ол – атаңның аруағын қорлау! Бұған жол беруге болмайды! Бұл орындықтар, қазір Ақтау мен Жаңаөзен қаласының дүкендерінде сатылып жатыр", – дейді.

Facebook парақшасында Бексұлтан Телғозы атты оқырман былай деп пікір білдірді: «Расы керек. Біздің Қазақстанымыздың кей өңірлерінде осындай әрекеттердің өршіп тұрғаны. Кейде, осыларды өзінше бір ел немесе мемлекет пе деп ойлайсың. Руларын жазып, жасаған іс әрекеттерін тықпалап. Бірлық қалың қазағымыз деген ұғым, қазір расымен өшіп барады. Батыс өңірінен осымен екінші - үшінші осындай жағдайды байқап отырғаным. Бұл түпкі жағдайда бөлінуге, жастарға өзге өңірдегілерден бөлек екендерін ұғындырумен тең. Бұл болашақтағы жастарымыздың бір-біріне деген көзқарастарының дұрыс емес болуына әкеліп соғады. Руды қыз алысқа пайдалану қажет қой. Жан - жаққа қыдырып шыққаныңда, кезіккен адамыңмен таныс, біліс, ру сұрас. Бірақ, ішкі жан дүниеңде, «барлығымыз бір Қазақтың баласымыз» деген ұғым болу керек. Мұндай ру жазып алу әрекеттеріне мен де қарсымын!»

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар