Ыстамбұлдағы түнгі клубқа жасалған шабуылды жоспарлаған лаңкес құрықталды

/uploads/thumbnail/20170709211023110_small.jpg

Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубына жасалған шабуылды жоспарлаған Франция азаматы ұсталды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қанды шабуылды жоспарлаған күдіктінің ұлты түрік, бұған дейін ол Анталияда тұрып келген. Ал 2009 жылдан бастап Францияға қоныс аударғандығы белгілі болды. Арнайы операция барысында күдікті Ыстамбұлда құрықталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл түні Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубына қарулы шабуыл жасалып, 39 адам құрбан болған еді. Лаңкес Калашников автоматынан оқ жаудырған. Ал бұл шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған болатын. 39 адамды жер жастандырған лаңкес Абдулгадир Машарипов құрықталған еді. 

Қатысты Мақалалар