|
Қазақстандық биатлоншылардың допинг сынамасы Австрияда алынды. Қазақстандық спортшылар тоқтаған қонақ үйде 8 ақпанда тексеру жұмыстары жүргізіліп, тыйым салынған препараттар табылған деп хабарлайды prosports.kz. Олар Австрия ұлттық допингке қарсы ұйымына (NADA) тапсырылып, қазақстандық спортшылар допинг сынамасын өткізген. Допинг сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. |
«Сынамалар Австрияда алынған. Біз кеше допингке қарсы ұйымнан алдын-ала хабарлама алдық. Олар біздің спортшылардың сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін айтты. Қазір біз WADA-дан ресми хат күтудеміз», — деді Мұхамедиұлы.