Ресейде 14 жастағы қызын зорлап кеткен әке соттың шығарған үкімін тым жеңіл жаза деп қабылдап, сот залында қылмыскерден кегін қайтарды. Ашуға булыққан қыздың әкесі үш қанжарды қынабынан суырып алып, дәл қылмыскерге дәлдеген, деп хабарлайды okok.life, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.
Бірінен соң бірін кезек-кезек дәлдеген жеріне лақтырған.
Оқиға жылдам болғаны соншалық: полиция қызметкерлері қандай да бір шара қолданып үлгере алмапты. Қанжардың үшеуі де қылмыскерге дәл тиген, екеуі жүрек тұсына барып қадалған болса, үшіншісі көмейін кесіп өткен. Қылмыскер сол жерде тіл тартпай кетіпті, ал кек алушы әкені сот залында тұтқындап алып кеткен. Болған жайтқа көңілі толған Каравайкин азамат еш қарсылық көрсетпей қолында тұрған тағы екі пышақты полиция қызметкерлеріне тапсырған.
Мұндай қылмысқа баруының себебін қыздың әкесі былай түсіндірді: «Менің бұл іс-әрекетімді жұпар аңқыған гүл өсіріп, оны қайдағы біреудің таптап жатқанын көріңдер, сол кезде ғана түсінесіңдер. Менің қызым екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болды, алайда екеуінде де кездейсоқ жағдай құтқарып қалды. Ол әлі күнге дейін психиатрлық ауруханада ем қабылдап жүр, ал мына оңбағанға 5 жыл жалпы режимде жазасын өтеуге үкім шығарды».
Қыздың әкесіне полицияға берген арызын қайтарып ал үшін оған бірнеше рет қомақты қаржы ұсынған екен, тіпті, оны соққыға жығып кетуді де жоспарлап, Ауғанстандық азаматтармен келіспек болыпты, алайда бұл іске олар тым көп қаржы сұраған. Сол кезде зардап шеккен қыздың әкесі қылмыскерден осылай кек алуын жоспарлаған. Ғаламтордан лақтыратын қанжардың бесеуін тапсырыспен алғызып, үйінде жаттығу жүргізе бастапты. Бір аптадан кейін-ақ ол бір-екі секундтың ішінде асқабаққа оңай дәл тигізіп үйренген.
Жоғарғы соттың шешімі бойынша, Каравайкинге сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, алайда жаза шартты түрде болғандықтан оны сот залында босатыпты. Мұндай шешімді сотқа қатысқан әділ қазылар алқасының шешімімен шығарған, оларды көбісінде түрлі жастағы бойжеткен қыздары бар екен.
Аударған: Назерке Лабихан