У.Черчилльдің «өзге ғаламшарлықтар» туралы жазбасы табылды

/uploads/thumbnail/20170709211402693_small.jpg

АҚШ-тағы Уинстон Черчилль атындағы Ұлттық музей өз архивінен 11 беттік   У.Черчилльдің  мақала қолжазбасын тапқан деп хабарлайды bbc.org. Ол мақалада өзге ғаламшарлықтар мен жерден өзге планеталардағы өмір туралы толыққанды мәліметтер келтірілген.

1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс алдында Черчилль  «Біз бұл ғаламда жалғызбыз ба?» тақырыбымен эссе жазған. Алайда ол жарияланбаған көрінеді. Міне, осы жазба түпнұсқа материал болып табылады.

Музейдің бүгінгі директоры Тимоти Рили өзінің «Nature» журналына берген сұхбатында бұл эссені кездейсоқ тауып алғанын айтқан.

У. Черчилль өз билігі тұсында ғылыми зерттеулерге көп көңіл бөліп, белгілі астрономдармен кездесіп тұрған. Марқұм премьер-министр «Ғаламшарлар ішінде Венарада өмір, тіршілік бар» деп есептеген. 

Қатысты Мақалалар