Жерге ұқсас 7 планета табылды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709214146512_small.jpg

Жерге көлемі жағынан да, түзілісі жағынан да ұқсас  7 планета табылды. ВВС-дің орыс қызметі жазуынша олардың үшеуінде судың сұйық күйінде сақталған деп хабарлайды Qamshykz. Бұл осы планеталарда өмір бар екенін айғақтайды.
NASA ғалымдары шұғыл шақырылған баспасөз-конференциясында  жоғарыдағыдай мәлімдеме жасады.
Льеж университеті  Технология мен астрофизикалық зерттеулер институтындағы Микаэл Жийон бастаған команда мүшелері осылайша  әлемде бізден басқа да тіршілік иелері бар деген байламға тоқтап отыр.
Жеті планета да бір-біріне өте жақын орналасқан. Жер шарының адамдары Күн мен Айды қалай көрсе, жеті планета бір-біріне солай көрініп тұрады.
Астроном Мишель Гийонның айтуынша, бұл экзопланеталар «Спитцер» атты телескоп арқылы табылған.
ВВС-дің ғылым саласы бойынша шолушысы Дэвид Шукманның айтуынша, НАСА осы күнге дейін 3449 ғаламшар анықтаған. Оның айтуынша, мәселе олардың санында емес, көпшілігінің Жерге ұқсастығында екен. Ал жоғарыда аталған TRAPPIST-1  жұлдызы — кішкентай әрі жарық емес. Яғни, оны телескоппен көру қиынға соғады. Сарапшының айтуынша, НАСА-ның жаңалығы әлі басы ғана. Себебі енді ғалымдар онда оттегі пен метан секілді газдардың бар-жоғын анықтауы керек.

Ал, планеталар бізден 39-40 жарық жылына тең қашықтықтан табылды. Ал, оларға ұшақпен 40 млн. жылда жетуге болады екен. Ғалымдар бірақ планеталардағы атмосфералық жүйені зерттеуге мүмкіншілік бар дейді. Ол үшін бас-аяғы 5 жыл ішінде қажетті технологияларды ойластырып табамыз, деп сендіреді. 

Қатысты Мақалалар