Соңғы уақытта Қазақстан заңының 26-бабына қатысты наразылық шаралары әлеуметтік желіде де, қоғамда да көбейіп кетті. Facebook желісінің тұрақты қолданушысы Жәнібек Иманмәзір жеке парақшасына қазақтың жеріне қатысты шешімге үзілді-кесілді қарсы екендігін айтып, ашына жазған.
"ҚАЗАҚ ЖЕРІН "ӘРКІМГЕ" БЕРЕ-БЕРЕТІН ЖЕЗӨКШЕНІҢ ҚҰЙРЫҒЫ ЕМЕС!
Қазақ жерін қай ұлттың ата-бабалары қорғады, сол ұлт қана қорғалған жерге иелік етеді, болды бұл табиғи заңдылық.
Ал, өзге ұлттың аталары қазақ жерін қорғамаса, қаны төгіліп сүйегі шашылмаса, олардың ұрпақтары қазақ жеріне қалай иелік етпекші??? Иелік ететіндей қазақ жерін қорғау жолында олардың қаны мен сүйегі шашылған жерін көрсетсін. Сондықтан қазақ жерін келімсектер қорғамаған екен, енді ана жер менікі, мына жер менікі деп көз алартпасын және дәметпесін. Сосын қазақ жеріндегі өлім жазасына лайық ұлты қазақ жемқорларға да жер сатылмасын және тегін де берілмесін. Бұлар халыққа билік жүргізуге де құқылы емес және олардың айтқандары заң бола алмайды. Өткені олар - жемқор.
"Әркім"- нің ішіне өзге ұлттар кірмесін. Қазақ жерін әркімге бере беретін жезөкшенің құйрығы емес. Осы сөзімді "әркім" дегіштер дұрыстап құлағына құйып алсын.БҰЛ СӨЗІМ ЗАҢ!" - дейді әлеуметтік желі қолданушысы өз сөзінде.