Жын-ойнаққа айналған мейрам. Шейіт мұсылмандары қасиетті күндерін қалай атап өтеді? (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709214413914_small.jpg

Ашура – Мухаррам айының 10-шы күні тойланатын шейіт мұсылмандарының ең негізгі мерекесі. Әлемнің 15 пайызын ғана құрайтын шейіт мұсылмандары бұл мейрамды ерекше атап өтеді екен. Бірақ басқа мемлекеттер үшін нағыз қантөгістің өзі болып саналатын мейрамда адамдар қолдарына өткір пышақ, таяқ, одан қалса, қылыштарын аспандатып, алаңға жиналады.

Үнді халқының мейрамды атап өту сәті

Ашура – 680 жылы Кербел соғысында қаза тапқан Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамдардың немересін еске алу күніне орай тойланатын мейрам. Шейіттер деп аталып кеткен Ирак, Иран, Бахрейн, сондай-ақ Ауғаныстан, Пәкістан, Ливан, Сауд Арабиясы елді мекендерінде өмір сүретін мұсылман халқы пайғамбарымыздың немересі Хусейн ибн Алиді ерекше қадірлейді, ең басты имамы ретінде санайды.

Ауған халқының қанды дәстүрі

Мұсылман халқы үшін Ашура мерекесі – аза тұту күні. Хусейннің нағыз ерлік өлімін еске түсіріп, әділдік жолында бәрі жылайды. Бұл мейрамды татарлық мұсылмандардың да кейбірі тойлайды екен.

Үнді азаматының аза тұту күнінің белгісі ретінде баланың терісін қанға бояу сәті

Бұл күні ер адамдардың ұлттық шеруі өтеді. Хусейн батырдың атын жоқтап өз-өздеріне пышақ сұғады, қатты таяқтармен ұрып, денелерін қызыл қанға бояйды.

Сондай-ақ, XVI ғасырда шыққан «Қиналғандар бақшасы» кітабында Мұхаммед пайғамбардың немересін жоқтау мақсатында өткізілетін мейрам жайында жазылған.

Мейрамға әйел адам да қара түсті киіммен қатыса алады 

Алайда, кей мемлекеттерде мейрам қантөгіссіз тойланады.

Гүлім ЖАҚАН

Қатысты Мақалалар