Аталмыш видео Facebook әлеуметтік желісінде "Арабиядағы балалар медресесі" деген атпен тараған. Видеода имам-ұстаздың өз оқушыларын аяусыз ұрып-соғып, тіпті, лақтырып жіберген сәті көрінеді. Балаларға арналған мұндай медреселер мен арабтардың бұл сынды тәртібіне қатысты әлеуметтік желі қолданушылары түрліше пікір білдіріп, жаға ұстап жатқандары көп.
- Мына көрініске қарасаң, не деген қатыгездік!? Сіздердің балаларыңызды осылай басына әңгір таяқ ойнатып жатса, шыдарма едіңіз?
- Жалпы арабтар өте жүгенсіз дөрекі халық. Пайғамбардың хадисінде дәл осылай баланы саба деп айтылып па? Қарыдастарын қатын етіп азғынданған?!
- Не айтуға болады?Арабтар қайда,бұны да түсірілім,арабтарды қаралау деп өте шығады ғой, - деген сынды пікірлердің қарасы көбейіп жатыр.
Кейбір пікір білдірушілер: "Мұны әдейі мұсылмандарды жаман етіп көрсету үшін жасап жатыр", - деген ойлар да білдіріп жатыр.