Ресейлік Форрест Гамп: Мәскеуден Бежіңге дейін 200 күнде

/uploads/thumbnail/20170709220955155_small.jpg

«Ресейлік Форрест Гамп» атанған Александр Капер  есімді саяхаттаушы Мәскеуден Бежіңге дейін 200 күн ішінде жүгіріп өтпекке бекінді. Бұл туралы «Қамшы порталы» lenta.ru- ға сілтеме жасап хабарлайды.

Капер  жүгіруді 4 наурызда бастамақ. Ол 200  күн ішінде  сегіз мың километрді бағындыруды жоспарлап отыр. Оның бағытына 16 ресейлік аумақ пен үш мемлекеттің территориясы кірмек.

А.Капер негізінен Ресей,  Ресей аумағындағы Владимир, Чебоксары, Қазан, Уфа, Иркутск, Улан-Удэ сияқты қалалардан өтеді. Осы аталған елді мекендердің кез-келген қалаған тұрғыны саяхатшыға қосылып жүгіріп өтсе болады.

«Әр адам өмірнде  ғажап нәрсе жасағысы келеді. Мен Мәскеуден Бежіңге дейін бүкіл ел аумағын кесе отырып жүгіріп өтемін. Себебі бұл- менің арманым»- дейді Капер.

 2015 жылдың тамызында Капер  Севастопольдан Симферопольге дейін,  2014 жылдың сәуірінде Самарадан  Мәскеуге дейін жүгіріп өткен.

«Форрест Гамп» -ты  белгілі-бір тұрғыда өзіне үлгі еткен Александр, атақты фильмнің басты кейіпкері секілді  атағы елге танылуда.

 

 «Форрест Гамп» —Роберта Земекистің  1994 жылғы фильмі. Басты кейіпкер Форрест Гамп үш жыл бойында АҚШ аумағымен жүгіріп өтеді.  Сол уақыт аралығында оған жол-жөнекей қосылған адамдар саны көбейіп, осылайша, аты әлемге танылған. 

Қатысты Мақалалар