2-наурыз күні Қытайдағы «Singer 2017» ән байқауының сегізінші кезеңінің түсірілімі болды. Димаш бұл кезеңде қытайлық танымал әнші Хан Хунның «Таң атты» әнін орындап, бесінші орынды қанағат тұтты.
Sina weibo парақшасындағы ақпараттарға сенсек, Димаш бүгінгі сында шаршаңқы көрінген. Еске сала кетейік, Димаш байқаудың жетінші кезеңінде қазақтың «Дайдидау» әнін орындап үшінші орынды иеленген. Бұл кезең эфирде 4 наурыз күні көрсетілетін болады.