Саяси температура көтеріліп келеді. Қоғамдағы наразылықты көтеріп келе жатқан Сағадиев реформалары. Енді бір-екі айдан кейін қазақ баласы ҚР Президентін өзін сынай бастайды.Экономикалық дағдарыс революциялық жағдайға айналып кету қаупі ықтималданады. Ол жағдай саяси тиянақсыздықты тудырады.Путин ұлы державашалық идеяларға сүйеніп орыс халқының ұлттық популизмін ерттеп мінді де халықтың "адал ұлына" айналды.Ресейліктердің оны 85% қолдауы бар. Ал біздің Президент ұлтжанды болып көрінгісі келмейді. Осы тұста "нормативтік ұлтшылдық" қазақтың рухын көтеріп, дағдарысты төзуге қуат беретін еді, биліктің де сүйкімін көтерер еді. "Нормативтік ұлтшылдық" - ол Конституция мен Заңдарға қайшы келмейтін, ақылға сиятын әділдік аясындағы ұлтшылдық. Нормативтік ұлтшылдықтан "позитивтік тілдік дискриминация" туындайды. Қазақша сөйлегісі келмейтін қазақтың орнына қазақша сөйлейтін қазақ тілді және қазақ ниетті орыс келеді де қазақ тілін батыл орнатады.Русофил қазақтардың орнына казахофил орыстар келеді. Қазақ ниетті орыс отандастардың қолымен пәлен жыл орындалмай жатқан мемлекеттік тіл статусы жүзеге асады.