Археологтардың ең жантүршігерлік әрі құпияға толы қазба жұмыстары

/uploads/thumbnail/20170709222357070_small.png

 

Археология дегенде көз алдымызға мұрты салбырап, жер қазып жүрген ер кісілер елестейді. Жер қазу – археолог-ғалымдардың басты жұмысы. Жұмыстың нәтижесі сол қазылған дүниеде жатыр. Жер астынан табылған дүниелер әлемді дүр сілкіндіруі мүмкін. Енді, назарларыңызға шетел археологтарының ең жан түршігерлік, әрі жұмбақ табыстарын ұсынбақпыз.

Көбіне археологтар адамдардың сүйегін тауып жатады. Ол сүйектер бағзы замандардағы құпиялардың ашылуына септігін тигізеді. Сондай табыстардың бірі – Мысырдағы Тепль эль-Даба сарайының маңындағы табылған адам сүйегі. бір қызығы, сүйектердің бәрінде оң қол болған жоқ. Кейіннен сол оң қолдардың басқа жерге көмілгені анықталды. Ғалымдардың анықтауынша, сүйектер әскери адамдарға тиесілі. Ал, қолдарын марапат алу мақсатында кесіп алған екен.

Археологтардың келесі бір жантүршігерлік табысы – Лбюльяльяко жанартауының маңынан табылған мұздатылған балалар денесі. Құдайға құлшылық жасау мақсатында балаларды таудың шыңына ата-аналарының өздері жіберген көрінеді. Балалардың шаштарынан алынған талдау нәтижесінде құдайға құлшылық жасау рәсімі бір жылға созылғаны анықталды. Айта кетейік, мұздатылған балалардың шаштары мен тері қабықтары өте жақсы сақталған.   

Шотландия маңынан 3000 жыл бұрын көмілген ер адамдыр мен әйелдердің сүйегі табылды. Ғалымдар әр сүйектің әр түрлі бейнеде екендігін айтып, таңданыстарын жеткізді. 6 түрлі адамға тиесілі сүйектер мумияға айналдыру процесінен өткендігі анықталды, сол үшін оларды мұқият қадағалаған екен. Ал, оның себебі әзірге белгісіз.

Ұлыбританиядан 54 теңіз жауынгерлерінің көмілген жері табылды. Мәйітті қазғанда барлық сүйектер бассыз болып шықты, денелері әр жерге шашылған. Талдау нәтижесі нақты дәлелденбеген болса да, археологтар өлім жазасы кесілген жауынгерлер екенін болжады. Ал денелерін әр жерге жерлеу басқа жауынгерлерге үлгі болсын деген мақсатта іске асырылған.

Дереккөз: newsbuzz

Қатысты Мақалалар