Студенттер, репортерлер, дипломаттар, екі ел өкілдері сот залында тарихи сәтке куә болу үшін Гаагадағы Әлем сарайына жиналды деп хабарлайды «Қамшы порталы» bbc.com-ға сілтеме жасап. БҰҰ-ның Халықаралы соты терроризмді қолдағаны үшін Ресей мемлекетін кінәлау процесін жүзеге асырмақ.
"Бүгін мен әлемдік соттың алдында тұрып көмек сұрауға мәжбүрмін"-дейді украина делегациясының жетекшісі, Украина сыртқы істер министрлігінің төрағасы Елена Зеркаль.
Оның айтуынша Ресей терроризмді қолдауды доғармаған. Украина өз кезегінде Халықаралық сотты Украинаға көмек көрсетуге, жағдай ушығып кетпес үшін тез арада уақытша әрекеттер орнатуға жәрдем етуге сендірді.
"Қақтығыс барысында 10 мыңға жуық адамынан айырылған Украина Ресейдің халықаралық конвенцияда келген келісімін бұзып отыр"- дейді ол. Зеркальдің айтуынша Халықаралық соттың заңдық негізде араласуы этникалық украиндердің мәдени мұрасын сақтау үшін қажет.
Мәскеу өз тарапынан Украина шығысындағы қақтығыстарға өзінің қатысы жоқ екенін айтып ақталуда.
Осы сотта Ресей өкілдері өздерінің сот процесін өз қатысуымен ерекешелендіріп отыр десек болады, себебі осының алдындағы соттарды мүлдем жауапсыз қалдырып отырған көрінеді.
Бұл сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Украина екі ел арасындағы дипломатиялық келісімдер енді мүлдем қисынсыз, тез арада әрекет ету керек дей отыра сотты шешім қабылдатуға әсер етті.
Алайда, Халықаралық сот өз кезегінде шешім қабылдағанның өзінде оны іске асыру мәселелері қиындық туғызуы мүмкін дейді.