Қазақ ғалымдары ағылшын тілін білмесе күндері қараң

/uploads/thumbnail/20170709222557293_small.jpg

Ағылшын тілін білмейтін ұстаз ғалым емес, себебі ол өз ойын ғылыми ортаға сала алмайтын қарабайыр білгір. Skype-пен ағылшын, пәкістандық, үнділер, арабтармен (22 мемлекет) күнде делік сөйлесемін. Ақпараттың, керекті деректердің бірін солардың әңгімесінен кейін google арқылы аламын. Шетелдіктермен әңгіме ізденуге импульс. Тіпті орыстармен, әзірбайжандармен  де тек ағылшынша сөйлесемін, немерелерім де олармен ағылшынша сөйлеседі, орысша пайдаланбайды. Жақында Марокконың қызы менің Мағун сүресіндегі оқығандағы қателіктерімді түзеді. Арабтар туралы екі кітап шығардым, көп деректерді, алдымен, арабтардың әңгімелерінен кейін алдым. Мәселенки, әрбір араб мемлекетінің өз көрнекті қайраткерін арабтардың өзі атады, кейін мен олармен ағылшын тілінде сол тарихи персоналарды талқылап шықтым. Кейбір факторларды, мәселен, бербер факторын, арабтар мемлекетеріндегі күрд факторын солардың айтуынан кейін іздендім. Олар маған менің дәрістеріме дерек беріп отырады. Мәселен, Қытай туралы дәрісте деректердің негізі мен өзім интернеттен аламын, екінші бөлігін қытай жігіті маған видеожазба арқылы береді. Мен оның берген дерегін дәрісте қазақшаға аударып, студенттерге дәрісте оқып беремін. Сол сияқты Үндістан, Пәкістан  туралы, ал арабтар туралы мен өз шыққан кітаптарымнан беремін. Әрине, басқа елдерді сипаттауда мен өз пікірімді де қосамын. Көптеген сол елдерде мен болғанмын, фотосуреттерім де бар. Бірақ студенттер ағылшын және араб тілдерінде жаңа ғана айтылған ақылға көбірек сенеді. Cондықтан Назарбаев айтқандай жоғары оқу орнының оқытушысы ағылшын тілінде еркін білуі тиіс. Бір шет тіл аздық еткен соң арабшамды қосамын, сол тілді дамыту үшін арабтарға жалынамын, есесіне оларды ағылшынша тегін оқытамын. Әр ғалым жақсы ұстаз болу үшін көп мемлекет аралауы керек. Мен  ғылыми орталарда үш-төрт күннен кейін көзге түсемін, олар мені сұрай бастайды: сіз қай университет тамададыңыз деп. Мен Абай атындағы ҚазҰПУ университетін бітірдім, ол орташа университет дегенімде олар сіздің елдің ғылым-білім ісі биік деңгейде екен дейді. Біздің мемлекеттік деңгейіміз іс жүзінде көптеген елдерден көп биік екені рас.

Қатысты Мақалалар